RU

Жанды дауыста ән салған Қайрат Түнтековке ел тамсанды (видео)

Тойда Шәмші Қалдаяқовтың әнін жанды дауыста айтқан Қайрат Түнтеков елдің қошеметіне бөленді деп хабарлайды BAQ.kz.

Қайрат Түнтеков бұған дейін сахналардан көрінбей кеткен болатын. Оның мұндай әрекетінің себебі де жоқ емес. Алайда жас әншінің тойда айтқан әні елді тамсандырды.

Шәмшінің "Әнім сен едің" әнін Қайрат Түнтеков тойға келген қонақтармен бірге шырқады. Әнші бұған дейін осыдан үш жыл бұрын Алматыда жол апатына себепкер болған еді. Қайрат Түнтеков "Лэнд Круизер" көлігімен соқтығысып, жүргізушіні жол жиегіндегі арықтың арғы бетінен бір-ақ шығарған. Тізгінге ешбір құжатсыз әрі мас күйінде отырған әртіс бірден өз кінәсін мойындаған.

Арада 2 ай өткенде, жағдай одан әрі ушығып, сотқа жеткен. Жауапкершіліктен жалтарған жұлдыз сахнадан да жырақ кеткен болатын.

Видео Amankeldi Baiken-нің Facebook парақшасынан алынды

Тағы оқыңыздар:

Жамбыл облысында 82 жастағы кейуана тірідей өртеніп кетті

Facebook-те аз «лайк» жинау адамдардың басты қасіретіне айналуда

Өскемендегі мейрамхананың тағамынан жұлдызқұрт табылды

Бүгін Самат Смақов Ұлттық құрамада соңғы рет өнер көрсетеді

Ақтауда жас жігіттердің дүкен тонап жатқаны камераға түсіп қалды (видео)

Қазақстанның бес облысында күн күрт суытып, үсік жүреді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1280267-zhandy-dauysta-salghan-qayrat-tuntek.html