RU

82 жасқа келген Жапония императоры өз еркімен тағынан түспек

Жапонияның арнайы құрылған үкімет комиссиясы өз еркімен тақтан түсуге ниеттеніп отырған Акихитоның мәртебесін 17-қазанда анықтамақ деп хабарлайды reactor.inform.kz.

Жапонияда 1947 жылы өз еркімен тақтан бас тартуға тыйым салатын заң қабылданған. Бұл императорға қысым көрсетілмес үшін және саяси күштердің өздеріне қолайлы мұрагерлерді таққа отырғызбауы үшін жасалған еді.

82 жастағы император Акихито биылғы жазда денсаулығының қызметтік міндеттерін атқаруға мүмкіндік бермейтінін мәлімдеген. Сауалнама жүргізгенде жергілікті тұрғындар патшаларының бұл қалауына түсіністікпен қарайтындарын көрсеткен.

Енді ел билігі Акихитоны өз еркімен тақтан түсіру үшін оның жеке өзіне ғана қолданылатын арнайы заң қабылдамақ.

Тағы оқыңыздар:

Жамбыл облысында 82 жастағы кейуана тірідей өртеніп кетті

Facebook-те аз «лайк» жинау адамдардың басты қасіретіне айналуда

Өскемендегі мейрамхананың тағамынан жұлдызқұрт табылды

Бүгін Самат Смақов Ұлттық құрамада соңғы рет өнер көрсетеді

Ақтауда жас жігіттердің дүкен тонап жатқаны камераға түсіп қалды (видео)

Қазақстанның бес облысында күн күрт суытып, үсік жүреді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1280294-82-zhasqa-kelgen-zhaponiya-imperatory-oz-er.html