RU

Мәдениет министрі өзін "қырындады" деп айыптаған студентімен сотта кездеседі

Арыстанбек Мұхамедиұлы екінші сотқа дайындалуда. Онсыз да отандық режиссерлармен дауласып жатқан Мәдениет министрі енді өзін "қырындады" деп айыптаған бойжеткенмен сотта жолықпақшы.

Шенеуніктің құқығын қорғайтын адвокат та белгілі деп хабарлайды КТК арнасы.

Мұхамедиұлының жақын күндері соттан қолы босамайтын сияқты. Өйткені, министр қатарынан екі бірдей процеске қатысуға мәжбүр болады. Бұған дейін ол өзін «ақша бопсалады» деп айыптаған кинорежиссермен сотта кездесіп жүрген болса, енді оған бұрынғы студенті қосылды. Мәдениет министрінің қос бірдей ісімен бір адвокат айналысады.

Шенеуніктен кезекті тапсырма алған заңгер сотқа түсіретін шағымын да әзірлеп қойыпты. Министрді қорғаудан мол тәжірибе жинақтаған Ескендір Әлімбаев қазір жалғыз лингвистикалық сараптама нәтижесін күтіп отыр екен.

"Филолог мамандар қазір видеоны көріп, оған өз сараптасын береді. Соның нәтижесі бойынша шешім қабылдаймыз", - дейді Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты Ескендір Әлімбаев.

Еске сала кетейік, Еңлік Сыдықова есімді бойжеткен Арыстанбек Мұхамедиұлы Өнер академиясының ректоры қызметін атқарған кезде оқуға түсуге келген қыздан 3 мың долларға тең пара сұрап, онымен жақындасқысы келгенін айтқан. Елді шулатқан мәлімдемеге Мәдениет министрінің өзі жауап берген болатын.

Тағы оқыңыздар:

82 жасқа келген Жапония императоры өз еркімен тағынан түспек

Жамбыл облысында 82 жастағы кейуана тірідей өртеніп кетті

Facebook-те аз «лайк» жинау адамдардың басты қасіретіне айналуда

Өскемендегі мейрамхананың тағамынан жұлдызқұрт табылды

Бүгін Самат Смақов Ұлттық құрамада соңғы рет өнер көрсетеді

Ақтауда жас жігіттердің дүкен тонап жатқаны камераға түсіп қалды (видео)

Қазақстанның бес облысында күн күрт суытып, үсік жүреді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1280472-madeniet-ministri-ozin-qyryndady-dep.html