RU

Қазақстан футбол құрамасы Румынияны жеңе алмады (видео)

Қазақстан футбол құрамасы ӘЧ-2018 іріктеу турында Румыниямен тең ойнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу 11 қазан күні «Астана Арена» стадионында өткен болатын. Тартысты болған кездесу 0:0 есебімен аяқталды.

Бірінші тайм екі команданың аңдысуынан басталды. Алдымен Богдан Станку 10-минутта қақпаны көздесе, көп ұзамай қазақстандықтар сапынан Сергей Хижниченко қауіпті сәт туғызды.

30-минуттарға жақын румын футболшысы Адриан Попаның гол соғатын мүмкіндігі бар болатын: Алайда, жартылай қорғаушы қақпадан қиыс кетті. Оның ізін ала Александру Крипчу қауіпті соққымен көзге түсті, бірақ доп қақпадан санаулы сантиметрден өтті.

Екінші тайм қазақстандық футболшылардың белсенділігімен есте қалды. Самат Смақов пен Исламбек Қуат кезектесе қақпаны бетке алды. Дегенмен соңғы минуттарда румындықтар қауіпті шабуылдар ұйымдастырып, Қазақстан құрамасын қапыда қалдыра жаздады. Бірақ бос қақпадан допты алып шыққан Стас Покатилов есептің ашылуына жол бермеді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде өз тобында екінші мәрте тең түсті және екі ұпаймен келеді. Келесі матч тура бір айдан соң, Дания құрамасына қарсы өтеді.

Тағы оқыңыздар:

82 жасқа келген Жапония императоры өз еркімен тағынан түспек

Жамбыл облысында 82 жастағы кейуана тірідей өртеніп кетті

Facebook-те аз «лайк» жинау адамдардың басты қасіретіне айналуда

Өскемендегі мейрамхананың тағамынан жұлдызқұрт табылды

Бүгін Самат Смақов Ұлттық құрамада соңғы рет өнер көрсетеді

Ақтауда жас жігіттердің дүкен тонап жатқаны камераға түсіп қалды (видео)

Қазақстанның бес облысында күн күрт суытып, үсік жүреді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1280495-qazaqstan-futbol-quramasy-rumyniyany.html