RU

Маңғыстауда Өзбекстан азаматы оқушыны қағып өлтіріп қашып кеткен

Маңғыстау облысы Басқұдық ауылында 9 жастағы баланы автобус қағып кетті. Куәгерлердің айтуынша, мектеп оқушысы жолдың қарсы бетіне шықпақ болып жүгіріп бара жатқанда қоғамдық көлік тоқтап үлгере алмай қалған деп хабарлайды 31 арна.

Қасқағым сәтте бауырынан айырылған Жадыра Сәдуова кінәлі азаматтың жазалануын талап етіп жүр. Өйткені қоғамдық көліктің жүргізушісі баланы қаққан соң, қашып кеткен. Қайтыс болған інісі кешкі сағат 9-дар шамасында жол жиегіндегі сауда орталығынан шығып, үйіне қарай асыққанда автобустың астына түсіп мерт болды.

"Бала жүгіріп шықты. Автобус жылдамдықпен келді де ай соғады ау деп тұрдық, айтып үлгермедік бірден қағып кетті. Жүргізуші тұр еді, жылап жүрді бір кезде жоқ болып кетті", - дейді куәгер.

9 жастағы баланы басып кеткен көлік жүргізушісі де оны қараңғыдан көрмей қалуы мүмкін дейді, - тұрғындар.

"Жолақ, жаяу жүргіншілер жолы, бағдаршам жоқ. Осының бәрін ойлану керек еді. Мынау бірінші жағдай емес. Үшінші жағдай. Алдында да кішкентай баланы камаз қағып кетіп, қайта аман қалды", - дейді куәгер.

«105» бағытындағы қоғамдық көлікті 46 жастағы Өзбекстан азаматы басқарған. Ол автобусты жұмыстан тыс уақытта басшылығының рұқсатынсыз айдап кетіпті. Қазір бой тасалаған күдікті жүргізуші ұсталған.

"1970 жылғы Өзбекстан азаматы ұсталды. Автобус айыптұраққа жабылды. Қылмыстық кодекстің 345 бабы бойынша іс қозғалып отыр. Күдікті қамауға алынды", - дейді МО ІІД мемлекеттік тіл және ақпаратбөлімінің басшысы Жазира Әбіл.

Тағы оқыңыздар:

82 жасқа келген Жапония императоры өз еркімен тағынан түспек

Жамбыл облысында 82 жастағы кейуана тірідей өртеніп кетті

Facebook-те аз «лайк» жинау адамдардың басты қасіретіне айналуда

Өскемендегі мейрамхананың тағамынан жұлдызқұрт табылды

Бүгін Самат Смақов Ұлттық құрамада соңғы рет өнер көрсетеді

Ақтауда жас жігіттердің дүкен тонап жатқаны камераға түсіп қалды (видео)

Қазақстанның бес облысында күн күрт суытып, үсік жүреді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1280516-manhghystauda-ozbekstan-azamaty-oqushy.html