RU

Қанат Исламның жекпе-жегіне бару қанша тұрады?

Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің арасындағы жекпе-жек кешіне билеттердің құны белгілі болды.

Еске салсақ, 29 қазанда Алматы қаласындағы «Алматы Арена» мұз сарайында үлкен бокс кеші өтеді. Онда қандасымыз Қанат Ислам 22-ші жекпе-жегін өткізіп, ІВО (Intercontinental) және WBО (International) тұжырымдары бойынша чемпион дәрежесі үшін күш сынасады.

Zakazbiletov.kz сайтының мәліметіне сүйенсек, билеттер сатылымға 17 қазан күні түседі. Бағасы 1 мыңнан 10 мың теңгеге дейін болады.

Қанат Ислам орта жеңіл салмақ бойынша Кариб аймағының үздігі, WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы. Ол осы уақытқа дейін 21 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Оның 18-ін нокаутпен ұтқан. Спортшының лақап аты - «Қазақ».

Қарсыласы ганалық боксшы Патрик Аллотей. Ол кәсіпқой бокста осы уақытқа дейін 36 кездесу өткізіп, екеуінде ғана ұтылған, қалған жекпе-жектерін жеңіспен аяқтады. Сондай-ақ 24 кездесуінде қарсыластарын нокаутпен ұтқан.

Тағы оқыңыздар:

82 жасқа келген Жапония императоры өз еркімен тағынан түспек

Жамбыл облысында 82 жастағы кейуана тірідей өртеніп кетті

Facebook-те аз «лайк» жинау адамдардың басты қасіретіне айналуда

Өскемендегі мейрамхананың тағамынан жұлдызқұрт табылды

Бүгін Самат Смақов Ұлттық құрамада соңғы рет өнер көрсетеді

Ақтауда жас жігіттердің дүкен тонап жатқаны камераға түсіп қалды (видео)

Қазақстанның бес облысында күн күрт суытып, үсік жүреді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1280531-qanat-islam-men-patrik-alloteydinh-zhek.html