RU

Алматылық тұрғын үш жасар ұлымен бірге көлік апатынан қайтыс болды

Алматыда жол көлік апатынан ер адам мен оның 3 жасар ұлы қайтыс болды деп жазады egemen.kz.

Mercedes маркалы автомобиль жүргізушісі Шаймерденов көшесінің бойымен жүрген. Бұрылыста ол көлікті басқара алмай, жыраға түсіп, ағашқа соғылған. Апат салдарынан жүргізуші ер адам мен оның үш жасар ұлы қаза тапты.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, аталған факт бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тиісті сараптамалар тағайындалды, жол-көлік апаты куәгерлерінен жауап алынды және оқиғаның өзге жайлары анықталды.

Тағы да оқыңыздар:

Әкесінің атына көше бермей, мектепті "6"-ға оқыған шенеунік (фото)

Қанат Исламның жекпе-жегіне бару қанша тұрады?

Алматы облысында 11 жастағы бала соқыр ішегіне жасалған отадан кейін, жарымжан болып қалған

Мәдениет министрі өзін "қырындады" деп айыптаған студентімен сотта кездеседі

Қазақстан футбол құрамасы Румынияны жеңе алмады (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1280545-almatylyq-turghyn-ush-zhasar-ulymen-birg.html