RU

Алматы облысында маскүнем күйеуі әйелін төрт баласымен далаға қуып шықты

Алматы облысында көпбалалы ана адам төзгісіз жағдайда өмір сүруде. Жалғызбасты әйел 4 перзентімен көрінгеннің босағасын сығалап жүр деп хабарлайды КТК арнасы.

Себебі, маскүнем күйеуі бала-шағасын бір-ақ күнде аш-жалаңаш күйінде қуып шыққан. Содан бері бұл отбасының көрмегені жоқ. Қазір олар сыз тартқан аядай ғана сарайға тұрақтапты. Суық жерден балалар да, анасы да әбден аурушаң болып қалған. Бірақ емделу түгілі олардың нан мен қант алуға да ақшасы жоқ.

"Әрине, жалғыз өзіме өте қиын. Бірақ, мен балаларымды аш қалдырмау үшін барымды саламын", - дейді жалғызбасты ана Хардам Магамедалиева.

Үйдің кенжесі Мавидің жасы 7-де, ал үлкені небәрі 14 жаста екен. Шиеттей балаларға да, анасына да суық өтіп, жиі ауырады. Бірақ ауыруға уақыт та, жағдай да жоқ. Себебі, күйеуі тастап кеткен әйел қара жұмыс істеп, балаларын асырауы керек. Ол кейде егістікке барып шөп жинаса, бірде жұрттың сиырын сауады екен. Ал одан тапқан тиыны жүрекжалғарға әрең жетеді. Сондықтан әкесі өзектен тепкен балалары да ағаштан сыпыртқы жасап, нәпақа табуды үйренген.Тағдыр тауқіметін тартқан отбасыға ішінара көршілері көмектесіп тұрады. Киім-кешекті де солар береді екен.

"Ең болмаса өзінің баспанасы болса дейміз. 4 баламен әрі-бері көшу оңай емес. Осы күнге дейін қанша үй алмастырды. Жанымыз ашиды. Қолдан келгенше көмек береміз. Бірақ әрқайсымыздың отбасымыз бар ғой", - дейді көршісі Нархан Смайылова.

Қазір олар үй деп аузың бармайтын жерді сәл де болса жылыту үшін көмірге зар болып отыр. Тіпті сарайдың ай сайынғы төлемін мамырдан бері бере алмаған. Сондықтан, амалы қалмаған отбасы қайырымды жандардан көмек сұрауға мәжбүр.

Байланыс телефоны: 87786542920

Тағы оқыңыздар:

82 жасқа келген Жапония императоры өз еркімен тағынан түспек

Жамбыл облысында 82 жастағы кейуана тірідей өртеніп кетті

Facebook-те аз «лайк» жинау адамдардың басты қасіретіне айналуда

Өскемендегі мейрамхананың тағамынан жұлдызқұрт табылды

Бүгін Самат Смақов Ұлттық құрамада соңғы рет өнер көрсетеді

Ақтауда жас жігіттердің дүкен тонап жатқаны камераға түсіп қалды (видео)

Қазақстанның бес облысында күн күрт суытып, үсік жүреді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1280549-almaty-oblysynda-maskunem-kuyeui-aye.html