RU

Достасқан Путин мен Ердоған енді екі елдің арасында газ құбырын тартпақ

Ресей және Түркия президенттері Владимир Путин мен Режеп Тайып Ердоғанның келіссөздерінен кейін екі елдің энергетика министрлері "Түрік ағыны" газ құбыры жобасы жөніндегі келісімге қол қойды.

Бұл жөнінде ТАСС агенттігіне сілтеме жасап Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлайды.

"Газпром" концерннің басшысы Алексей Миллер осыған дейін хабарлағандай, келісімде Қара теңіздің түбі арқылы магистральды екі желінің құрылысын салу қарастырылған. Жобаның құрылысы 2019 жылдың желтоқсан айына дейін аяқталуға тиіс.

2014 жылы Еуроодақтың газ құбыры жобасы "үшінші энергия пакеті" талабына сай болу қажет деген ұстанымынан кейін Ресей "Оңтүстік ағын" құрылысын тоқтатып, оған балама ретінде – "Түрік ағыны" жобасын бастауды шешкен. Алайда екі ел арасындағы қарым-қатынастың нашарлауынан келіссөздер тоқтап қалған. Енді әріптестік байланыс қайта орнағаннан кейін жоба жұмысы да қайта басталды.

Ресей Түркияға қатысты экономикалық санкцияны жартылай алып тастады. Президент Владимир Путин Ресей базарына түріктің ауылшаруашылық тауарларын жіберетінін хабарлаған.

Тағы оқыңыздар:

Әкесінің атына көше бермей, мектепті "6"-ға оқыған шенеунік (фото)

Суық тиіп ауырып қалған Назарбаев Баку мен Ереванға бармайтын болды

Мәдениет министрі өзін "қырындады" деп айыптаған студентімен сотта кездеседі

Алматы облысында 11 жастағы бала соқыр ішегіне жасалған отадан кейін, жарымжан болып қалған

Алматы облысында маскүнем күйеуі әйелін төрт баласымен далаға қуып шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1280590-dostasqan-putin-men-erdoghan-endi-eki-e.html