RU

БҚО-да қарақшылар өрісте қалған сиырларды атып өлтіріп, жіліктеп әкеткен

Батыс Қазақстан облысында қарақшылардың қатігездігі ел-жұрттың жағасын ұстатты деп хабарлайды КТК арнасы.

Барымташылардың бұл әрекетін асқан қатігездікке теңеген жергілікті жұрт бір-ақ күнде жер сипап қалды. Демалыс күні өріске шыққан жеті бас сиыр кешқұрым қайта оралмаған. Ал ертеңіне ми даладан жеті қараның басы мен тұяғы ғана табылыпты.

"Жауыздықпен мылтықпен атып өлтірген. Терілерін алып кеткен. Ішек-қарынды төгіп тастаған", - дейді Өркен ауылының тұрғыны Махамбет Ғабдышев.

Тұрғындардың айтуынша, ұрылар Зеңгі баба тұқымын зеңбірекпен атқандай жайратып салған. Тек содан кейін ғана пышаққа түсіпті. Бұйығы жатқан ауылда бұған дейін ұрлық-қарлық болғанымен, дәл осы тәсілмен малға түскен барымташы жоқ еді. Қарақшылардың ашкөздігінен шошынған ел енді өз өмірлеріне қауіп төнгенін айтуда.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, бұл дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Ал оқиғадан әбден жүректері шайлығып қалған ел полицейлерге қалайда қылмыскерлерді қолға түсіріп, қатаң жазаға тартуды талап етуде.

Тағы оқыңыздар:

Әкесінің атына көше бермей, мектепті "6"-ға оқыған шенеунік (фото)

Суық тиіп ауырып қалған Назарбаев Баку мен Ереванға бармайтын болды

Мәдениет министрі өзін "қырындады" деп айыптаған студентімен сотта кездеседі

Алматы облысында 11 жастағы бала соқыр ішегіне жасалған отадан кейін, жарымжан болып қалған

Алматы облысында маскүнем күйеуі әйелін төрт баласымен далаға қуып шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1280640-bqo-da-qaraqshylar-oriste-qalghan-siyrl.html