RU

Елімізде тұрмысқа тым жас шығатын қыздардың қатары көбейген

Әрбір жеті секунд сайын әлемде 15 жасқа толмаған қыз тұрмысқа шығады деп хабарлайды  "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

Басылымның хабарлауынша, қыздардың жастайынан ұзатылу  мәселесі Қазақстанды да айналып өтпей отыр. Себебі, Тәуелсіз құқықтық ұйымдар берген ақпарат бойынша, жыл сайын Қазақстанда екі мыңнан астам кәмелетке толмаған қыздар тұрмысқа шығады екен.

"Шығармашалық бастамасы бар әйелдер лигасы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Әсия Хайруллинаның айтуынша, мұндай қыздардың тағдыры тұрғысынан қарағанда, қыздарды жастайынан тұрмысқа беру - қылмыс.

Желіде тағдырдың қалауымен ерте тұрмысқа шығып кеткен қыздар мұңын шағып, өз басынан өткендерін баяндау үрдісі белең алған. Мәселен, Ильмира Сағатова есімді қолданушы былай дейді:

"Мен ұрлап әкетті, ал ата-анам үйге алып кетпеді. Менің қатты қорқып, еңіреп жылағаным есімде. Ата-анам алып кетуге ұялды. Қазір менің қызым 8 жаста, оған 20 жасқа толмаған шағында біреу тиісер болса, мен полицияға бірден арыз жазам. Ешкімді аяп, қарап тұрмаймын".

Жасы толмаған қызды ұзатқысы немесе келін еткісі келетіндер үшін заңның мынадай тұсы үлкен артықшылық болып отыр: тараптар өзара келісіп, жасөспірім қыздың аяғы ауыр деген жалған құжат жасатады. Тәуелсіз ұйымдардың айтуынша, мұндай некелер әдетте ауылды жерлерде көп жасалады екен.

Тағы оқыңыздар:

Әкесінің атына көше бермей, мектепті "6"-ға оқыған шенеунік (фото)

Суық тиіп ауырып қалған Назарбаев Баку мен Ереванға бармайтын болды

Мәдениет министрі өзін "қырындады" деп айыптаған студентімен сотта кездеседі

Алматы облысында 11 жастағы бала соқыр ішегіне жасалған отадан кейін, жарымжан болып қалған

Алматы облысында маскүнем күйеуі әйелін төрт баласымен далаға қуып шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1280691-elimizde-turmysqa-tym-zhas-shyghatyn-qyz.html