RU

Асхат Тарғынның сөйлесіп жүрген қызын құда баласы алып қашып кеткен

"Мария Магдалена" әні арқылы танылған Асхат Тарғын ikerim.kz сайтына сұхбат беріп, өзінің махаббаттағы сәтсіздіктерін айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Оның айтуынша, оның сөйлесіп жүрген қызын, кездесуге шыққан жерінен "алып қашып кеткен" екен. Ол бұл оқиғаның да мән-жайын толық баяндап берді.

"Осы тұста былтыр болған қызық оқиғамды айта кетейін, бір қыз үнемі инстаграмдағы дайректте «Сізді ұнатамын, жақсы көремін» деп жазып жүретін. Суреттеріме пікір жазып, лүпіл басып отырғанынан, өзім ұялатынмын. Бір күні нөмірімді сұрады. «Сіз қарапайым жігітпін» дейтін едіңіз, қарапайымдылығыңыз қайда, сөйлеспейсіз»- деп жанға тиетін сөздер жазды. Сосын, жарайды ниетіңіз түзу болса, менің де ниетім түзу деп, нөмірімді бердім", - дейді ол.

Бірнеше ай бойы телефон, уатсап арқылы сөйлесіп жүрген қыз бір күні Асхатты өзі кездесуге шақырған көрінеді.

"Сөйтіп кешкі сағат 8-де кездесетін болдық, ол бір аялдамада күтетін болды. Бірақ мен көлік кептелісінің кесірінен 20 минутқа кешігіп бардым. Хабарлассам, телефоны сөндірулі, жазсам да жауап бермеді. Одан жарты сағат күтіп тұрдым, «мазақ етіп жүрген біреу ме» деп ойлап қоямын. Осылай кездеспей кетіп қалдым. Ертеңіне телефон шалғанымда өшірулі, одан кейінгі күні тағы өшірулі болды. «Мені мазақ қылып жүрген қыз екен ғой» деп, мән берген жоқпын, уақыт та бола бермейді. Сөйтсем бір аптадан соң, маған өзі хабарласып тұр. Міне, жаңалық… «Ол қызға есің дұрыс па, адамды әлекке салғаның не?» деп турасын айттым. Сонда оның айтқан жауабы: «Мені алып қашып кетті» дейді. Қызықты қараңыз, маған шығатын уақытында аңдып жүрген бір алыс құда баласы алып қашып кетіпті, - деді ол.

Сонымен бірге, әнші оған өздері хабарласып қыздардың да көп екенін жасырмады.

"Бұйыртса, жақын арада бір қызға үйленермін",- дейді ол.

Дереккөз: ikerim.kz

Тағы оқыңыздар:

Әкесінің атына көше бермей, мектепті "6"-ға оқыған шенеунік (фото)

Суық тиіп ауырып қалған Назарбаев Баку мен Ереванға бармайтын болды

Мәдениет министрі өзін "қырындады" деп айыптаған студентімен сотта кездеседі

Алматы облысында 11 жастағы бала соқыр ішегіне жасалған отадан кейін, жарымжан болып қалған

Алматы облысында маскүнем күйеуі әйелін төрт баласымен далаға қуып шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1280770-askhat-targhynnynh-soylesip-zhurgen-qyzy.html