RU

Отандық зілтемірші күтпеген жерден Олимпиаданың жүлдегері атанды

Қазақстандық ауыр атлет Денис Уланов Рио Олимпиадасының қола медалін алады деп жазады Хабар арнасы.

Бұл туралы Ауыр атлетиканың Халықаралық Федерациясының Олимпиадаға арнап шығарған журналынан белгілі болды. Жарыстың хаттамасында 85 кг дейінгі салмақта Уланов 3-ші орынды алғаны, ал румыниялық Габриэль Синкраян шеттетілгені айтылған.

Бұған дейін Синкраяннің допингке тапсырған анализдерінде оның тыйым салынған препараттарды қабылдағаны анықталған болатын. Бірақ Олимпиада кезінде Улановпен бірдей 390 келіні көтерген Синкраян қола медальді алып кетіп еді. Енді IWF ресми түрде Улановты жүлдегерлер тізіміне енгізді.

Тағы оқыңыздар:

Әкесінің атына көше бермей, мектепті "6"-ға оқыған шенеунік (фото)

Суық тиіп ауырып қалған Назарбаев Баку мен Ереванға бармайтын болды

Мәдениет министрі өзін "қырындады" деп айыптаған студентімен сотта кездеседі

Алматы облысында 11 жастағы бала соқыр ішегіне жасалған отадан кейін, жарымжан болып қалған

Алматы облысында маскүнем күйеуі әйелін төрт баласымен далаға қуып шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1280843-otandyq-ziltemirshi-kutpegen-zherden-o.html