RU

Ерасыл Әубәкіровті өлтірді деп айыпталғандарға сот үкімі шықты

Астана қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотында Ерасыл Әубәкіровті өлтірді деп айыпталған үш жігітке сот үкімі шықты.

Бұл туралы Today.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Сот үкімімен Нұрбек Әжімбай 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Енді ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеп, дүние-мүлкі тәркіленетін болады. Ал Виталий Шерстенев 11 жылға, Андрей Тихоненко 16 жылға сотталып кетті.

Еске сала кетсек, Медицина университетінің студенті Ерасыл Әубәкіров 3 ақпанда із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. 10 ақпанда Астана қаласы ІІД-нің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Ерасыл Әубәкіровтің мәйітін тапқан еді.

Кейін адам өлтірді деген күдікпен Аян Мейірбаев, Андрей Тихоненко, Виталий Шерстенев және Нұрбек Әжімбай ұсталған.

Айта кетейік, Аян Мейірбаев қылмыстық істе ең басты күдіктілердің бірі болған. Бірақ кейін Аян Мейірбаевқа қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды, 7 мамырда Астана прокурорының келісімімен Аян Мейірбаев босатылды.

Тағы да оқыңыздар:

Ақорда Назарбаевтың қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді

18 жаста тұрмысқа шығудың басты артықшылықтары қандай?

Оралдық шенеуніктің ұлы қымбат Mercedes үшін бір тиын салық төлмеген

Асхат Тарғынның сөйлесіп жүрген қызын құда баласы алып қашып кеткен

Отандық зілтемірші күтпеген жерден Олимпиаданың жүлдегері атанды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1280939-erasyl-aubakirovti-oltirdi-dep-ayypt.html