RU

Нұрбек Әжімбайдың анасы: Менің ұлым кінәсіз, нағыз қылмыскер бостандықта жүр

Астанада медицина университетінің студенті Ерасыл Әубәкіровті өлтірді деген айыппен 20 жылға сотталған Нұрбек Әжімбайдың анасы өз ұлының бұл іске қатысы барына сенбейді.

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

«Ол ешкімнен қорықпайды, шындық бәрібір жеңеді. Біз халықаралық сотқа дейін жетеміз. Барлық инстанцияларды өтеміз. Менің ұлым Әжімбайдың кінәсіздігін дәлелдеп шығамыз», - дейді Нұрбек Әжімбайдың анасы Сауле Сатыбалдиева тілшілерге берген сұхбатында.

Айта кетейік, сот барысында қылмыс жасады деген күдікпен жауапқа тартылған Нұрбек Әжімбай, Виталий Шерстенев пен Андрей Тихоненколарға 11-ден 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Нұрбек Әжімбай 20 жылға бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды.

«Мен талай хат жаздым, дегенмен ешкім бұған көңіл аудармады. Меніңше, нағыз қылмыскер бостандықта жүр. Ұлым кінәсіз екеніне сенемін», - деп атап өтті ол.

Тағы да оқыңыздар:

Ақорда Назарбаевтың қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді

18 жаста тұрмысқа шығудың басты артықшылықтары қандай?

Оралдық шенеуніктің ұлы қымбат Mercedes үшін бір тиын салық төлмеген

Асхат Тарғынның сөйлесіп жүрген қызын құда баласы алып қашып кеткен

Отандық зілтемірші күтпеген жерден Олимпиаданың жүлдегері атанды

Павлодарлық әйел АҚШ-та оқып келген қызы үшін 1 млн қалыңмал сұрап отыр

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1281179-nurbek-azhimbaydynh-anasy-meninh-ulym-ki.html