RU

Саясаттанушы Назарбаевтың сырқаттануына қатысты пікірін білдірді

Саясаттанушы Марат Шибұтов Ақорданың Назарбаевтың сырқаттанғаны туралы ақпарат таратқанында тұрған ештеңе жоқ екенін айтты.

Бұл туралы Today.kz хабарлайды.

Саясаттанушы Қазақстан бұрыннан қоғам алдында ашық болуға тырысып келетінін атап өтті.

«Бұл кәдімгі саяси қадам. Президент те адам, ол да ауырады. Сондықтан, онда тұрған ештеңе жоқ. Жыл сайын біз ашық қоғам қалыптастыруға тырысып келеміз. Мемлекет басшысы қысқа мерзімді демалысты жиі алатын, бұл жолы да сондай демалыстың бірі деп қабылдау керек», - деді Марат Шибұтов.

Еске сала кетейік, кеше Ақорда Нұрсұлтан Назарбаевтың суық тиіп ауырып қалғанын хабарлады. Сол себепті, президент  Әзірбайжан мен Арменияға бармайтын болды.

Бүгін Ақорданың баспасөз қызметі президенттің жағдайы жақсы екенін мәлімдеді.

Тағы оқыңыздар: 

Ақорда Назарбаевтың қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді

Ерасыл Әубәкіровті өлтірді деп айыпталғандарға сот үкімі шықты

Нұрбек Әжімбайдың анасы: Менің ұлым кінәсіз, нағыз қылмыскер бостандықта жүр

Ақтөбе түрмесінде отырған 77 уахабшы діни көшбасшыларының кім екенін айтты

18 жаста тұрмысқа шығудың басты артықшылықтары қандай? (фото)

Павлодарлық әйел АҚШ-та оқып келген қызы үшін 1 млн қалыңмал сұрап отыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1281315-sayasattanushy-nazarbaevtynh-syrqattan.html