RU

Украиналық арна түсініксіз тілде сөйлеген Бірғаным Әйтімованы әжуа қылды (видео)

Жақында «Квартал 95» студиясының «Чисто News» бағдарламасында қазақстандық саясаткерді «сайқымазақ» еткен бейне жазба жарияланды деп жазады Abai.kz порталы.

Украиналық әртіс Владимир Зеленский мен тележүргізуші Валерий Жидков бұрын Қазақстанның білім министрі болған, ендігі сенат депутаты Бірғаным Әйтімованың Халықаралық жиында сөйлеген сөзін әжуалады.

Халықаралық конференцияда мінберге арнайы шақыртылған сенатор Бірғаным ханымның шұбар тілін украиналық әзілкештер түсіне алмапты.

(16.27-шы минуттан басталып, 17.33 минутта аяқталады)

Шындығында әртістер қазақстандық саясаткердің сөзін еш бұрмаламағанымен, бұл белгілі дәрежеде ел имиджіне нұқсан келтіргені рас. Олай дейтініміз, 45 миллион аудиторияға хабар тарататын арнаның жүргізушілері Бірғаным ханымның сөздерін бүтін қазақ халқының атынан қабылдаған екен.

Әжуаға айналарлықтай экс-министр, қазіргі сенатор Бірғаным Әйтімова не бүлдірді?

«Потому что мы всё ещё не такая страна, как наиболее это, даже идём в тридцатку, мы ещё не такие как все. Поэтому нам «нажно» (нужно) идти по необходимости», - дейді парламент сенатының «әлеуметтік-мәдени даму және ғылым» комитетінің төрайымы Бірғаным Әйтімова. Сенатор бұл сөздерді III Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы жөніндегі конференцияда айтқан.

Бірғаным ханым «Болашақ» бағдарламасы арқылы жастарды оқуға жіберуді әлі де болса жалғастыруымыз керек» дегенді айтқысы келген секілді. Дегенмен салыстырмалы түрде сөйлеген Бірғаным ханымның «Біз әлі ондай ел емеспіз ғой» дегенін қалай түсінуге болады?

"Сонда біз қандай мемлекетпіз? Немесе қандай мемлекет болуымыз керек?", - деп жазады автор.

Әрі қарай сенатор «Біз әлі басқалар сияқты емеспіз» дейді. Саясаткер ханымның осы сөзінің астарына үңілсек бір шындықтың бары анық.

Одан әрі Қазақстан халқын, оның ішінде мемлекетті құрушы қазақ ұлтының потенциалды-интеллектуалды амбициясын ашып көрсету үшін «все гражданы Казахстана должны к преодолеть, достичь этой цели, если в стране все умеют читать и писать. Но мы же не такая нация. Мы читать и писать уже с рождение можем», - дейді.

Украиналық арнаның кесіп алып көрсеткені осы болғанымен, сенатор ханымның «Болашақ» бағдарламасы туралы сөйлеген сөздері түзу шықты. Әйткенмен

«Біз барлығымыз мемлекеттік қызметте жоғары лауазымдарға жете алмаймыз. Мысалы, мен бүгін-ертең өз орнымды ешкімге бере қоймаймын. Сондықтан мен секілділер елде өте көп», - дейді Әйтімова.

Сөзін түйіндеген сенатор: "Кенет бізге екі үміткер келді делік. Оның бірі – «болашақтық», екіншісі қарапайым маман. Әрине, біз «болашақтық» маманды таңдаймыз» (и вдруг две кандидатуры. Он с практикой и вдруг – болашаковец. Конечно же, мы говорим болашаковец. Это норма жизни. Это вообще наше желание образованных приподнимать", - дейді.

Мақала авторы - Нұрзат Тоғжан

Тағы оқыңыздар: 

Ақорда Назарбаевтың қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді

Ерасыл Әубәкіровті өлтірді деп айыпталғандарға сот үкімі шықты

Нұрбек Әжімбайдың анасы: Менің ұлым кінәсіз, нағыз қылмыскер бостандықта жүр

Ақтөбе түрмесінде отырған 77 уахабшы діни көшбасшыларының кім екенін айтты

18 жаста тұрмысқа шығудың басты артықшылықтары қандай? (фото)

Павлодарлық әйел АҚШ-та оқып келген қызы үшін 1 млн қалыңмал сұрап отыр

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1281347-ukrainalyq-arna-tusiniksiz-tilde-soy.html