RU

Атыраулық әйел өзінің ғашығын 15 жыл бойы жындыханада ұстады

Павлодар тұрғыны әйелінің тұзағына түсіп, 24 жыл бойы шизофрениямен ауырмайтынын дәлелдей алмай келген. Ер адам 15 жылын жындыханада өткізуге мәжбүр болды. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

67 жастағы Елубай Армашев 15 жылын жындыханада өткізуге мәжбүр болған. Атыраулық келіншекпен көңіл жарастырған азамат Атырауға көшіп барады.

"Арамызда ұрыс-керіс болғасын, ажыраспақ едім. Алайда ол мені жындыханаға "шизофренияға" шалдыққан деп жатқызып тастады. Он бес жылым жындыханада өтті. Арасында үйде ем алуға жіберіп тұратын. Жынды еместігімді дәлелдеу үшін 24 жылым кетті. Ақыры денім сау екенін Мәскеудегі КСРО Денсаулық сақтау министрлігі растап, Атырау емханасының қорытындысын жоққа шығарды", - дейді Елубай.

Ер адам әділеттікке қол жеткізуде Олжас Сүлейменовтің зор көмек көрсеткенін айтуда.

"Менің өмірімді ойран еткен дәрігерлерден моральдық нұқсан үшін өтемақы талап етемін", - дейді Армашев. Оның қорғаушысы жалған диагноз үшін 1 млн теңге талап етіліп отырғанын айтуда.

Тағы оқыңыздар: 

Ақорда Назарбаевтың қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді

Ерасыл Әубәкіровті өлтірді деп айыпталғандарға сот үкімі шықты

Нұрбек Әжімбайдың анасы: Менің ұлым кінәсіз, нағыз қылмыскер бостандықта жүр

Ақтөбе түрмесінде отырған 77 уахабшы діни көшбасшыларының кім екенін айтты

18 жаста тұрмысқа шығудың басты артықшылықтары қандай? (фото)

Павлодарлық әйел АҚШ-та оқып келген қызы үшін 1 млн қалыңмал сұрап отыр

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1281469-atyraulyq-ayel-ozininh-ghashyghyn-15-zhyl-boy.html