RU

Қанат Ислам жанкүйерлерін ашық жаттығумен қуантпақ

Қанат Ислам жанкүйерлері үшін ашық жаттығу өткізеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қанат Ислам жекпе-жек алдында БАҚ өкілдері мен жанкүйерлері үшін арнайы ашық жаттығуын өткізбек. Іс-шара 15 қазан, сағат 11:00-де Сейфуллин-Мақатев көшелерінің қиылысындағы «Mega park» сауда ойын-сауық орталығының 3 қабатында өтеді. Арнайы ринг құрылады. Қанат Ислам жаттығуды бапкері Нелсон Лопезпен бірге жасайды», - делінген Алматы қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы таратқан ақпаратта.

Айта кетерлігі, Қанат Ислам жаттығу соңында БАҚ өкілдеріне арнайы сұқбат беріп, жанкүйерлер үшін сыйлықтар таратуы жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, 29 қазанда Алматыда «Алматы арена» спорт кешенінде Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің жекпе-жегі өтеді. Қанат Ислам өзінің WBA fedelatin чемпиондық белбеуін қорғап, жартылай орта салмақта WBO intercontinental тұжырымының чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасады.

Тағы оқыңыздар: 

Ақорда Назарбаевтың қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді

Ерасыл Әубәкіровті өлтірді деп айыпталғандарға сот үкімі шықты

Нұрбек Әжімбайдың анасы: Менің ұлым кінәсіз, нағыз қылмыскер бостандықта жүр

Ақтөбе түрмесінде отырған 77 уахабшы діни көшбасшыларының кім екенін айтты

18 жаста тұрмысқа шығудың басты артықшылықтары қандай? (фото)

Павлодарлық әйел АҚШ-та оқып келген қызы үшін 1 млн қалыңмал сұрап отыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1281556-qanat-islam-zhankuyerlerin-ashyq-zhatty.html