RU

Семейде өмірлік жар іздеген бойжеткенді "сүйіктісі" алғашқы кездесуінде тонап кетті

25 жастағы Семей тұрғыны танымайтын жігітпен кездесуге барамын деп аяусыз соққыға жығылды. "Жаңа ғашығы" оны тонап қоя берген. Бұл туралы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Жеке өмірін реттемек болған ару «Друг вокруг» қосымшасы арқылы жас жігітпен танысып, онымен кездесуге бел буады. Алайда ол күткен романтикалық кеш мүлде ойдағыдай болмаған. Себебі, өзін жас жігіт ретінде таныстырған азамат шын мәнінде 40-тағы ер адам болып шығады.

Ол алғашқы кездесуде-ақ бойжеткенді соққыға жығып, ұялы телефоны мен планшетін қолды қылған.

 

Полицейлер қылмыскерді ізін суытпай құрықтады. Ал бойжеткен ендігі бейтаныс жігіттермен кездеспеуді жөн санады.

Илья Миллердің материалынан аударылды.

Тағы оқыңыздар: 

Ақорда Назарбаевтың қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді

Ерасыл Әубәкіровті өлтірді деп айыпталғандарға сот үкімі шықты

Нұрбек Әжімбайдың анасы: Менің ұлым кінәсіз, нағыз қылмыскер бостандықта жүр

Ақтөбе түрмесінде отырған 77 уахабшы діни көшбасшыларының кім екенін айтты

18 жаста тұрмысқа шығудың басты артықшылықтары қандай? (фото)

Павлодарлық әйел АҚШ-та оқып келген қызы үшін 1 млн қалыңмал сұрап отыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1281582-semeyde-omirlik-zhar-izdegen-boyzhetke.html