RU

Қазақстан құрамасымен ойнаған румыниялық футболшының бес тісі сынып қалды

Футболдан әлем чемпионатының 3-турында румыниялық футболшы бес тісінен айырылды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Gsp.ro сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Астанадағы кездесу тең есеппен (0:0) аяқталғанына қарамастан, ойында жарақат алғандар болды. Қазақстандық футболшылар барын салып ойнағаны соншалық, румыниялық команданың кей ойыншылары айтарлықтай жарақаттар алған.

Мәселен, қорғаушы Криштиану Сапунарудың бес тісі сындырылған. Нәтижесінде оны Астананың емханаларының біріне алып кетті. Ал Драгош Григоридің мұрны сынған. Александр Кипчудің болса, бұлшықеті тартылыпты.

Румыниялықтар қазақстандық футболшылардың ойында қатыгездік танытқанына ренжулі. Бұрынғы румыниялық арбитр Адриан Порумбойю бұл ойынды футбол деп атауға болмайтынын алға тартты.

"Қазақстандық футболшылардың қатыгез ойынын футбол деп те айта алмайсың. Рефери ойын алаңы қожайындарын ұдайы кешіріп, оларға ойыншыларымызды қасақана жарақаттағаны үшін қызыл карточка көрсетпеді", - дейді экс-арбитр.

Тағы оқыңыздар: 

Ақорда Назарбаевтың қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді

Ерасыл Әубәкіровті өлтірді деп айыпталғандарға сот үкімі шықты

Нұрбек Әжімбайдың анасы: Менің ұлым кінәсіз, нағыз қылмыскер бостандықта жүр

Ақтөбе түрмесінде отырған 77 уахабшы діни көшбасшыларының кім екенін айтты

18 жаста тұрмысқа шығудың басты артықшылықтары қандай? (фото)

Павлодарлық әйел АҚШ-та оқып келген қызы үшін 1 млн қалыңмал сұрап отыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1281598-qazaqstandyqtar-sheteldik-futbolshyny.html