RU

Атышулы Алматы зообағында керіктің неден өлгені анықталды

Алматы хайуанаттар бағында өлген Мелман атты керікке қатысты ішкі қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр деп хабарлады ҚазАқпарат.

Зообақ баспасөз хатшысы Тоқтар Әлиевтің айтуынша, керік өлімінен кейін басшылық тарапынан комиссия құрылып, ішкі қызметтік тексеріс басталған. Комиссия құрамына құқық қорғау органы қызметкерлері мен хайуанаттар бағының тәжірибелі мамандары кірді.

«Кәсіби шеберлік пен тәжірибелі мамандардың арқасында күдіктілер белгілі болды. Керіктің өліміне зообақ қызметкерлерінің бірі күдікті болып отыр. Хайуанаттар бағының әкімшілігі қала тұрғындарына ешқандай қаңқу сөзге сенбей, ресми ақпаратқа сүйенуге шақырды. Аталған мәселе бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді ол.

Ескерте кетейік, бесінші қазан күні Алматы хайуанаттар бағында екі жасар керік өлгені хабарланған. Зообақ қызметкерлері оның денсаулығы жақсы болғанын, өлу себебін анықтап, қажет болған жағдайда қылмыстық іс қозғалатынын айтқан..

Тағы да оқыңыздар:

Украиналық арна түсініксіз тілде сөйлеген Бірғаным Әйтімованы әжуа қылды (видео)

Үш келінін бір үйде ұстап отырған ененің мықтылығына ел қайран қалды (фото)

Қазақстан құрамасымен ойнаған румыниялық футболшының бес тісі сынып қалды

Атыраулық әйел өзінің ғашығын 15 жыл бойы жындыханада ұстады

Трамп пен Клинтонның бірге ән шырқағаны желіні жарды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1281628-atyshuly-almaty-zoobaghynda-keriktinh-n.html