RU

"Тұлпар-Тальго" пойызының вагондары жол үстінен ажырап кеткен (видео)

Қазақстандық жолаушылардың арасында үлкен сұранысқа ие "Тұлпар-Тальго" пойызының вагондары жоғары жылдамдықпен жүріп келе жатып, бір-бірінен ажырап кеткен.

Қарағанды облысының Мойынты бекетінен өткен электровозды тұрғындар видеоға түсіріп алыпты.

Бейнежазбадан пойыздың қатты жылдамдықпен вагондары ажыраған күйде келе жатқанын анық көруге болады. Бірақ «Жолаушыларды тасымалдау» акционерлік қоғамының мамандары бұл жерде арнайы сынақ өткізіліп жатқанын айтып, жұртты сабырға шақырды.

Ақпараттық агенттіктерге берген сұхбатында «Тұлпар-тальго» компаниясы директорының орынбасары Владимир Киселев сынақтардың әлі екі күнге жалғасатынын айтқан. Сөзінше, мұндай оқулар жиі әрі өзге пойыз жүрмейтін жерлерде өткізіледі.

"Біз Қарағанды облысының Киік-Мойынты стансасында жаңа жобаны сынақтан өткіздік. Қазір тежегішті сертификаттау сынақтары жасалып жатыр. Вагондар ажырап қалған жоқ", - дейді  «Тұлпар-Тальго» ЖШС өндірістік директорының орынбасары Владимир Киселев.

Тағы да оқыңыздар:

Украиналық арна түсініксіз тілде сөйлеген Бірғаным Әйтімованы әжуа қылды (видео)

Үш келінін бір үйде ұстап отырған ененің мықтылығына ел қайран қалды (фото)

Қазақстан құрамасымен ойнаған румыниялық футболшының бес тісі сынып қалды

Атыраулық әйел өзінің ғашығын 15 жыл бойы жындыханада ұстады

Трамп пен Клинтонның бірге ән шырқағаны желіні жарды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1281740-tulpar-talgo-poyyzynynh-vagondary-zho.html