RU

Серік Ибрагимов 500 адамға дүркіретіп той жасады (фото, видео)

Танымал әнші Серік Ибрагимов ауылына барып дүркіретіп той жасап, тойына отандық эстрада жұлдыздары тегіс жиналды деп хабарлайды NUR.KZ.

Жаңақорғанға беташарға, кейіннен Қызылордаға үлкен тойға барған Серіктің өнердегі әріптестерінің қатары көп болды.

Олар әдеттегідей желіде тойдан "репортаж" жасап, оқырмандарды тойдың барысынан хабардар етіп отырды.

Тойда Серік Ибрагимов қалыңдығына тағы бір ән арнап, желі қолданушылары әннің әдемілігі мен Серіктің махаббатына тәнті болды.

Тойда бір топ әнші ортаға шығып, би билеп берді.

Тойға бара алмаған "МузАрт" бастаған жұлдыздар Атыраудан арнайы видео құттықтау жолдады.

Желі қолданушылары екі жасқа бақыт тілеп, үйленгенін жасырмай, қуанышын халық назарына ұсынған Серіктің шынайылығына риза болысты.

Естеріңізге салсақ, қазанның 6-сы күні Серік Ибрагимов қалыңдығын шаңырағына түсіріп, Жаңақорғандағы ауылына барып, беташар жасаған болатын. Серіктің қалыңдығының бетін Төреғали Төреәлі ашқан еді.

Тағы оқыңыздар:

Ақорда Назарбаевтың қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді

Ерасыл Әубәкіровті өлтірді деп айыпталғандарға сот үкімі шықты

Нұрбек Әжімбайдың анасы: Менің ұлым кінәсіз, нағыз қылмыскер бостандықта жүр

Ақтөбе түрмесінде отырған 77 уахабшы діни көшбасшыларының кім екенін айтты

18 жаста тұрмысқа шығудың басты артықшылықтары қандай? (фото)

Павлодарлық әйел АҚШ-та оқып келген қызы үшін 1 млн қалыңмал сұрап отыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1281974-serik-ibragimov-500-adamgha-durkiretip.html