RU

Депутаттар пайдаланылмай бос жатқан жерлерді қайтарып алуды талап етті

Елімізде 100 миллион гектардан астам жер пайдаланылмай бос жатыр  деп хабарлайды КТК арнасы.

Ал ауылдардың маңындағы жайылымға арналған 27 миллион гектар әбден тозған. Жылдар бойы мал таптап тастағандықтан, соңғы кезде шөп те шықпайтын болыпты.

Сондықтан Ауыл шаруашылығы министрлігі жайылымды жерлерді пайдаланудың жаңа жоспарын әзірлеп жатыр. Яғни, төрт түліктің тұяғы тимеген аймақтарға құдық қазып, инфрақұрылымын жасап, шаруаларға бермек. Оны жергілікті әкімдер реттейтін болады.

Ал, мәжілісмендер екі жылдың ішінде жерді пайдаланбай, бос ұстап отырғандардан оны қайтарып алуды талап етті. Сөйтіп, төменгі палата жайылым туралы заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады.

"Қазіргі уақытта барлық мал басы 26 миллион. Қойыңыз бар, жылқыңыз, сиыр, ешкіңіз, түйеңіз бар. Ата-бабаларымыз 70 миллионнан астам мал баққан. Неге сол 70 миллионға жетпеске?", - дейді мәжіліс депутаты Жексенбай Дүйсебаев.

Тағы да оқыңыздар:

Трамп пен Клинтонның бірге ән шырқағаны желіні жарды (видео)

Алматылық тұрғын үш жасар ұлымен бірге көлік апатынан қайтыс болды

Достасқан Путин мен Ердоған енді екі елдің арасында газ құбырын тартпақ

Қанат Ислам жанкүйерлерін ашық жаттығумен қуантпақ

Атышулы Алматы зообағында керіктің неден өлгені анықталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1281982-deputattar-paydalanylmay-bos-zhatqan.html