RU
Мұхтархан Ділдәбековтің әйелі өзін жұмыстан шығарғандармен соттасып жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Мұхтархан Ділдәбековтің әйелі өзін жұмыстан шығарғандармен соттасып жатыр

Рассказать Вконтакте

Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбековтің әйелі сотқа арызданып жүр. Бұл туралы облыстық соттың ресми сайтында жарияланды деп жазады Рейтинг газеті.

Мұхтархан Ділдәбековтің әйелі өзін жұмыстан шығарғандармен соттасып жатыр

Альбина Елшиевеа күйеуі Мұхтархан Ділдәбековпен. Фото: rgmedia.kz

Бокстан Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбековтің әйелі Альбина Елшиева осы жылдың 17 маусымында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратын өзін жұмыстан заңсыз босатты деп айыптап, қызметін қайта қалпына келтіруді талап етіп сотқа берді.

Іс судья Е.Агмановтың өндірісіне алынғанымен шағымданушы 5 тамызда арызын қайтып алуына байланысты іс қараусыз қалдырылған. Алайда Альбина араға 10 күн салып сол Қаратау аудандық сотына қайта арызданған. Бұл арызы да алғашқысына ұқсастау, тек қосымша ОҚО әкімі аппаратының өзін заңсыз босатқанын мойындауын талап еткен. Судья да ауысқан - А.Сапашев.

Мұхтархан Ділдәбековтің әйелі өзін жұмыстан шығарғандармен соттасып жатыр

Альбина Елшиева. Фото: otyrar.kz
Source: UGC

 

Іс сол судья Сапашевтың қарауына алынған. Тағы да сол ОҚО әкімінің аппараты, сол айыптау. Бірақ, сот отырыстарына Альбина Елшиева емес, оның сенімді өкілі Е.Мещерина қатысуда.

Естеріңізге сала кетейік, Альбина Елшиева 2011 жылдың тамызында ОҚО Білім басқармасының басшысы қызметіне тағайындалған. 2012 жылы белгілі боксшы Мұxтарxан Ділдәбековке тұрмысқа шықты. 2015 жылдың 25 ақпанында облыстық басқармалар қайта құрылып, оның орнына Қуандық Құлажанов тағайындалған болатын.

Елшиева Білім басқармасының басшысы болғанға дейін ОҚО әкімдігінде бас инспектор, ұйымдастыру бөлімінің басшысы–аппарат басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

Тағы да оқыңыздар:

Трамп пен Клинтонның бірге ән шырқағаны желіні жарды (видео)

Алматылық тұрғын үш жасар ұлымен бірге көлік апатынан қайтыс болды

Достасқан Путин мен Ердоған енді екі елдің арасында газ құбырын тартпақ

Қанат Ислам жанкүйерлерін ашық жаттығумен қуантпақ

Атышулы Алматы зообағында керіктің неден өлгені анықталды

Сіздің реакцияңыз
21
9
5
8
0
7
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel