RU

Көзінің қарашығына татуировка салған бойжеткеннің қорқынышты өмірі

Дене мүшелеріне өзгеріс жасауды жаны сүйетін лондондық бойжеткен тағы бір мәрте тәуекелге бел буды. Жақында тілін екіге бөліп тастаған Сара Найт енді көзінің қарашығына татуировка жасап алды.

Сара Найт осыдан біраз уақыт бұрын косметолог болып жұмыс істеп, өзінің табиғи келбетімен мақтанатын. Кейін ол боди-артқа әуестеніп, дене мүшесіне түбегейлі өзгеріс енгізуді бастап кетті.

Лондонның солтүстік-шығыс бөлігінде тұратын Сараның денесінен татуировканың түр-түрін көруге болады. Оның денесінің 70 пайызында, бетінен саусағының ұшына дейін татуировка бар. Сондай-ақ, ол хирургиялық жолмен тілін екіге бөліп тастады. Енді Сараның тілі жыланның тілі сияқты екіге айырылған.

Тату шеберінің айтуынша, ол көзіне лазерлі коррекция арқылы татуировка салған және бұл анау айтарлықтың ауыр операция болмапты.

Мамандар Сараға бұл отадан соң көр соқыр болып қалуы мүмкін екенін қайта-қайта ескертті. Алайда, Сараны соқыр болып қалу қаупі де қорқытпаған.

"ХХІ ғасырда әр адамның кез келген нәрсені істеуге құқығы бар", - дейді Сара Найт.

Сараның анасы қызының мұндай қадамға баруын мүлде құптамаған. Алайда, ол қазірдің өзінде денесіне тағы не істеуге болатынын ойлап жүр.

Тағы да оқыңыздар:

Сегіз қырлы, бір сырлы шенеуніктер кімдер? (фото, видео)

Қуандық Бишімбаев сұлу қыздарға жанды дауыста ән шырқап берді (видео)

Жақып Асанов Қарағанды облысының прокурорларын жаппай отставкаға жіберді

Депутаттар пайдаланылмай бос жатқан жерлерді қайтарып алуды талап етті

Мұхтархан Ділдәбековтің әйелі өзін жұмыстан шығарғандармен соттасып жатыр

Серік Ибрагимов 500 адамға дүркіретіп той жасады (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1282044-kozininh-qarashyghyna-tatuirovka-salgha.html