RU

Атырауда жер сатуға қарсы шыққан Боқаев пен Аянның соты басталды (фото)

Атыраудағы қылмыстық істер бойынша 2-сотта азаматтық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянның үстінен қозғалған "әлеуметтік араздық тудыру" ісі бойынша соттың алдын ала тыңдауы басталды деп хабарлайды Азаттық Радиосы.

Сотқа облыс тұрғындары мен өзге аймақтардан келген құқық қорғаушылар да қатысты. Сот мәжілісінің шағын залына жұрттың біразы сыймай қалды. Олардың арасында Атырау облысының алыс аудандарынан келген адамдар да болды. Солардың бірі зейнеткер Шынар Омарова қызымен бірге Атыраудан 300 шақырым жердегі Құлсары қаласынан белсенділерді қолдауға келген.

"24 сәуірде болған «шетелдіктерге жерімізді сатуға болмайды» деген митинг бейбіт түрде өте мәдениетті өтті деп санаймын. Біз сотты болған Макс пен Талғатты танымаймыз, өз жүрек қалауымызбен келдік. Олар бізді митингіге шақырған жоқ, өзіміз бардық. Біз өзіміздің жерімізде ұрпағымызды емін-еркін тәрбиелеп жүргіміз келеді. Соттан әділдік сұраймыз", – дейді ол.

Сотқа судья Гүлнәр Дәулешова төрағалық етіп отыр. Бақылау күшейтілген сот ғимаратына келген БАҚ өкілдеріне залдан фото және бейне жазба түсіруіне бес минутқа ғана рұқсат беріліп, одан соң бөлек бөлмеге шығарып жіберді.

Сот басталғанда Боқаев пен Аянның адвокаты Төлепқали Аянов судья Гүлнәр Дәулешованы істен шеттету туралы өтініш жасады. Төлепқали Аянов сот тергеуінің айыптау актісі 30 қыркүйекте дайын болғанымен, 3 қазанда жарияланғанын, ал іс материалдары 73 томнан тұратындықтан осы аралықта соттың онымен танысып шығуы мүмкін болмағанын айтты.

"Судья айыптау актісі шыққан соң оны бірден реестрге енгізуі тиіс еді, бірақ оны уақытында енгізбеген. Бұл сот ісін фальсификациялау деп саналатындықтан судьяны істен шеттетуді сұраймын", - деді адвокат.

Бұдан соң судья өтінішке қатысты шешім қабылдау үшін бес минуттық үзіліс жариялады. Үзілістен соң сотқа өзін Дүйсебалиева деп таныстырған судья келіп, адвокаттың өтініші қанағаттандырылмайтынын айтып, сот залынан шығып кетті. Осы кезде Макс Боқаев "Ешнәрсе естілген жоқ, судья дұрыс оқымады" деп наразылығын білдірді.

Судья ақырын сөйлегендіктен не айтқаны сот барысын өзге бөлмеде монитор арқылы бақылап отырған журналистерге дұрыс естілмеді. Бұдан соң сотта үзіліс жарияланды.

Макс Боқаев пен Талғат Аян 24 сәуір күні Атырау қаласында жер реформасына қарсылық ретінде өткен жаппай митингтен соң қамауға алынған. Макс Боқаев пен Талғат Аянға бірқатар қылмыстық баптар (соның ішінде "алауыздық тудыру", "заңсыз митинг ұйымдастыру") бойынша айыптары тағылған.

Тағы да оқыңыздар:

Ресейде Джонни Дептен айнымайтын азамат табылды

Сегіз қырлы, бір сырлы шенеуніктер кімдер? (фото, видео)

Қуандық Бишімбаев сұлу қыздарға жанды дауыста ән шырқап берді (видео)

Жақып Асанов Қарағанды облысының прокурорларын жаппай отставкаға жіберді

Депутаттар пайдаланылмай бос жатқан жерлерді қайтарып алуды талап етті

Мұхтархан Ділдәбековтің әйелі өзін жұмыстан шығарғандармен соттасып жатыр

Серік Ибрагимов 500 адамға дүркіретіп той жасады (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1282110-atyrauda-zher-mitingisinde-ustalghan-b.html