Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баспаналы болған ата-ана ұлына Жилстройбек деп ат қойды (фото)

Опубликовано:

Әлеуметтік желілер мен ұялы байланыс мессенджерлеріне Жилстройбек есімі берілген сәбидің туу туралы куәлігінің фотосы тарай бастады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ғаламтор қолданушылары ата-аналар Тұрғын үй жинақ банкінен баспана алғаннан кейін өз баласына сондай есім қоюға шешім қабылдағанын айтады. Алайда банктің Астанадағы бас кеңсесі аталған ақпаратты растаған жоқ.

Фотодағы мәліметтерге сенсек, туу туралы құжат Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында берілген. Жилстройбектің тегі - Батырбек. Әкесінің аты - Еркебұлан.

Біз Тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің Астанадағы бас кеңсесіне хабарласып, ғаламтор арқылы тараған фотоның шын-өтірігін білген едік. Банк қызметкерлері ол жаңалық туралы естіген. Дегенмен, оны растап отырған жоқ.

«Бұл фото коллаж да болуы әбден мүмкін. Біздің банкті жарнамалаудың бір әдісі шығар. Бірақ ол жаңалықты растай алмаймыз», - дейді олар.

Әлеуметтік желілер арқылы таралған құжаттың түпнұсқалығы расталмаса да, ғаламтор қолданушылары бұл жаңалықты әжуаға айналдырып, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы баспана алған отбасыларға балаға ат қоюдың жаңа үлгілерін ұсына бастады.

«Баланың аты қазақша жазылса, оның аты Жилстройбек емес, Тұрғынүйқұрылысжинақбек болуы керек қой», - деп жазды біреу. «Қыз туса, Жилстройгүл деп қоямыз!», - дейді тағы бір қолданушы.

Тағы да оқыңыздар:

Ресейде Джонни Дептен айнымайтын азамат табылды

Сегіз қырлы, бір сырлы шенеуніктер кімдер? (фото, видео)

Қуандық Бишімбаев сұлу қыздарға жанды дауыста ән шырқап берді (видео)

Жақып Асанов Қарағанды облысының прокурорларын жаппай отставкаға жіберді

Депутаттар пайдаланылмай бос жатқан жерлерді қайтарып алуды талап етті

Мұхтархан Ділдәбековтің әйелі өзін жұмыстан шығарғандармен соттасып жатыр

Серік Ибрагимов 500 адамға дүркіретіп той жасады (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1282152-baspanaly-bolghan-ata-ana-oz-balasyna-zh/

pixel