RU

Түрік вице-премьері дүниежүзілік соғыстың жақындап қалғанын айтты

Түркияның вице-премьері Нуман Куртулмуш жаңа аймақтық немесе жаһандық соғыстың табалдырықта тұрғанын мәлімдеді. Бұл туралы Anadolu агенттінің ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Шенеуніктің айтуынша, мұның негізгі бастамашысы ретінде әрекет етіп жатқан жақтар осы кезге дейінгі өзгенің қолымен от көсеудегі амал-айлалары таусылғаннан кейін өздері ашық жанжалға бет бұрады.

«Үшінші біреудің қолымен жасалатын кез келген соғыстың соңы болады. Бұл лимит Сирия жерінде таусылып тұр. Енді АҚШ пен Ресей ашық текетірес жағдайына жетті. Бұл дегеніміз біздің жаңа аймақтық немесе дүниежүзілік соғыстың табалдырығында тұрғанымызды көрсетеді», – деді ол.

Куртулмуш өз елінің кімнің басқаратынын Сирия билігі де, Ресей де, Иран да және АҚШ та шешпеуге тиіс екенін атап көрсетті.

«Біз Сирия халқына өз елдерін қалай басқару керек екенін үйретпейміз… Бұл шешімді Сирия халқының өзі қабылдауы тиіс», – деді түрік вице-премьері.

Бұдан бірқатар уақыт бұрын Бинали Йылдырым басқаратын Түркия үкіметі Ресей мен Түркияның Сириядағы жағдайды ретке келтіру жөніндегі позицияларының «айтарлықтай жақындай түскенін» мәлімдеген еді.

Ал күні кеше Ұлыбритания сыртқы істер министрі борис Джонсон Ресейді Сириядағы әскери қылмыстарға қатысты деп айыптап, соның ішінде Алеппо түбінде БҰҰ-ның гуманитарлық көмек керуінен шабуыл жасады деп кінәлап, Ресейдің Лондондағы елшілігі алдында қарсылық акциясын ұйымдастыруға шақырды.

Тағы да оқыңыздар:

Сегіз қырлы, бір сырлы шенеуніктер кімдер? (фото, видео)

Қуандық Бишімбаев сұлу қыздарға жанды дауыста ән шырқап берді (видео)

Жақып Асанов Қарағанды облысының прокурорларын жаппай отставкаға жіберді

Депутаттар пайдаланылмай бос жатқан жерлерді қайтарып алуды талап етті

Мұхтархан Ділдәбековтің әйелі өзін жұмыстан шығарғандармен соттасып жатыр

Серік Ибрагимов 500 адамға дүркіретіп той жасады (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1282179-turik-vice-premeri-duniezhuzilik-sogh.html