RU

Жатыпішер жалқаулардың әлем чемпионаты қалай өтеді? (фото)

 

Черногорияда нағыз жатыпішер жалқаулардың чемпионаттары өтеді. Бұл туралы National Geographic ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.

Қара таулар елінде жалқаулардың жаһандық жиыны 2012 жылдан бері өтіп келеді. Содан бері оған қатысушылар қатары да ұдайы өсумен болды. Өткен жылы черногорлықтардың өзі финалға дейін жете алмады. Ал бірінші орын Босния мен Герцеговинадан келген өкіл жеңіп алған. Биыл алаң иелері сол олқылықтың орнын басу үшін күш салады. Жарыс 15 қазанда басталады.

Чемпионат ережесіне сай, оған қатысушылар тамақ жеп, су іше алады, бірақ әжетханаға барғысы келіп жатса да, жатқан керуеттен тұрмаулары керек. Әзірге бұл жөніндегі абсолютті рекордты 2014 жылы подгорциялық Марко Джурович жасап, 37 сағат төсекте жатқан.

Тағы да оқыңыздар:

Ресейде Джонни Дептен айнымайтын азамат табылды

Сегіз қырлы, бір сырлы шенеуніктер кімдер? (фото, видео)

Қуандық Бишімбаев сұлу қыздарға жанды дауыста ән шырқап берді (видео)

Жақып Асанов Қарағанды облысының прокурорларын жаппай отставкаға жіберді

Депутаттар пайдаланылмай бос жатқан жерлерді қайтарып алуды талап етті

Мұхтархан Ділдәбековтің әйелі өзін жұмыстан шығарғандармен соттасып жатыр

Серік Ибрагимов 500 адамға дүркіретіп той жасады (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1282253-zhatypisher-zhalqaulardynh-alem-chempion.html