RU

Ресейлік тұрғын немерелерін бағудан қашып, өзін атып тастады

Ресейдің Бурят автономиялы республикасында тұратын 57 жастағы тұрғын немерелерін бағып отырғаннан гөрі өзін өзі атып өлтіргенді дұрыс көріпті.

Бұл туралы «Байкал-Daily» ақпаратына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Ұлының қолына барып, немерелерін бағып отырудан қашқан азамат кеудесіне мылтықты тақап қойып, оның шүріппесін аяғының саусақтарымен басып қалған.

2 қазан күні құқық қорғау органдарының қызметкерлері Замен ауданындағы бір үйдің шарбағы маңында өліп жатқан ер кісінің үстінен түскен. Полиция оны өз кеудесінен өзі атып салған деп болжам жасап отыр.

«Ол отырып алып, мылтықты өзінің кеудесіне тіреп қойған да, аяғының саусағымен шүріппені басқан. Себебі, қолымен оны істей алмас еді», – деді Бурятия тергеу басқармасы Джиджа ауданаралық тергеу бөлімі бастығының орынбасары Алдар Чимитов.

Анықталғандай, марқұмды басқа аймақта тұратын ұлы қолына келіп тұрып, балалары тәрбиесімен айналысуды өтінген екен. Бірақ ол кемпірі ұлымен бірге тұруға келіскеніне қарамастан, өзі бұл ұсынысты қабылдай алмапты.

Шамасы, немерелеріне бола туған жерін тастап кеткісі келмесе керек. Осыған байланысты отбасында жиі жанжал да болып тұрыпты.

«Кезекті ұрыс-керістен кейін әйел көршілеріне кетіп қалады. Ол үйден шыққанына бір минуттай уақыт өткенде, атылған мылтықтың даусын естиді. Жүгіріп қайтап келсе, аулада құлап жатқан күйеуін көреді», – деді тергеуші.

Тергеу комитетінде қазіргі таңда марқұмды суицидке дейін жеткізген мәселенің жайы тексерілуде.

Тағы да оқыңыздар:

Сегіз қырлы, бір сырлы шенеуніктер кімдер? (фото, видео)

Қуандық Бишімбаев сұлу қыздарға жанды дауыста ән шырқап берді (видео)

Жақып Асанов Қарағанды облысының прокурорларын жаппай отставкаға жіберді

Депутаттар пайдаланылмай бос жатқан жерлерді қайтарып алуды талап етті

Мұхтархан Ділдәбековтің әйелі өзін жұмыстан шығарғандармен соттасып жатыр

Серік Ибрагимов 500 адамға дүркіретіп той жасады (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1282293-reseylik-turghyn-nemerelerin-baghudan.html