RU

Жұмысынан ақша жымқырған алаяқ 40 миллионға хандарша той жасады

Tesco Checkout компаниясының қарапайым қызметкері Кисок Таварийях Лондондағы әйгілі қонақ үйде хандар секілді той жасады деп хабарлайды reactor.inform.kz.

Бір қызығы, компаниядағы жылдық табысы 6,5 миллионнан аспайтын ол тойына 40 миллион доллар жұмсаған.

Жігіт 17 қабатты торт әзірлетіп, күйеу жігіт пен қалыңдыққа хан тағындай тақ орнатып, қуанышын бөлісуге 400 адам шақырады. Тойға келген қонақтар таңданысын жасыра алмай, оның тойының Джордж Клунидің тойындай өткенін айтуда.

Бірақ, қуаныш көпке бармаған. Тойдан бір апта өткеннен кейін Кисок алаяқтығы үшін абақтыға қамалған. Ол тойға жұмсаған қаражатты жұмыс орнындағы кассалық аппараттан жымқырған көрінеді. Жігіт енді 8 ай тұтқында болмақ.

Тағы да оқыңыздар:

Ресейде Джонни Дептен айнымайтын азамат табылды

Сегіз қырлы, бір сырлы шенеуніктер кімдер? (фото, видео)

Қуандық Бишімбаев сұлу қыздарға жанды дауыста ән шырқап берді (видео)

Жақып Асанов Қарағанды облысының прокурорларын жаппай отставкаға жіберді

Депутаттар пайдаланылмай бос жатқан жерлерді қайтарып алуды талап етті

Мұхтархан Ділдәбековтің әйелі өзін жұмыстан шығарғандармен соттасып жатыр

Серік Ибрагимов 500 адамға дүркіретіп той жасады (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1282397-zhumysynan-aqsha-zhymqyrghan-alayaq-40-milli.html