RU

Он жасар палестиналық бала италиялық жанкүйерлерді тәнті етті (фото, видео)

Италияның атақты «Ювентус» футбол клубы өзінің академиясына он жастағы Рашид әл-Хаджауи есімді баланы қабылдады деп хабарлайды muslim.kz.

Ол өзінің футболға деген ерекше ынтасының арқасында көзге түскен. Әрі мамандар оның бойынан өзгеше құлшынысты байқапты.

Жас футболшы қазірдің өзінде академияға қызу дайындыққа кірісіп кеткен. Клуб басшылығы Турин қаласына барып, оның ата-анасымен келісімшартқа отырыпты.

Мамандардың назарын аудартқаны - Рашидтің жаттығу кезінде түсірген видеоролигі.

Оның жаттығу кезіндегі шеберліктері әлеуметтік желі қолданушыларын тәнті еткен. Facebook парақшасындағы ұнатулар саны 13 мыңнан асып жығылыпты.

Тағы да оқыңыздар:

Ресейде Джонни Дептен айнымайтын азамат табылды

Сегіз қырлы, бір сырлы шенеуніктер кімдер? (фото, видео)

Қуандық Бишімбаев сұлу қыздарға жанды дауыста ән шырқап берді (видео)

Жақып Асанов Қарағанды облысының прокурорларын жаппай отставкаға жіберді

Депутаттар пайдаланылмай бос жатқан жерлерді қайтарып алуды талап етті

Мұхтархан Ділдәбековтің әйелі өзін жұмыстан шығарғандармен соттасып жатыр

Серік Ибрагимов 500 адамға дүркіретіп той жасады (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1282448-zhasar-palestinalyq-bala-italiyalyq.html