RU

Теңгеге Абылай хан мен әл-Фарабидің бейнесі қайта оралуы мүмкін

Астанада өткен «Теңге – тәуелсіз Қазақстанның валютасы» тақырыбындағы конференция аясында журналистерге сұхбат берген Ұлттық банк төрағасының орынбасары Дина Ғалиева қазақ халқының ұлы тұлғалары бейнеленген теңгенің алғашқы сериясын қайта шығаруға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Банкноттардың алғашқы сериясында портреттер болды. Артынан ол серия жалғасты. Бірақ теңгелердің басым бөлігінде Әл-Фарабидің портреті басылды. Одан кейін Бәйтерек, сосын қазіргі айналымда жүрген «Қазақ елі» деген серия шықты. Біз оны «Самұрық» сериясы деп атаймыз», - дейді Ғалиева.

Осы орайда журналистер «Бұрынғы портреттік серия қайта шығарылуы мүмкін бе?» деген сұрақ қойды.

«Шыны керек, портреттік серияны адамдар жақсы қабылдайды. Неге? Себебі ондай банкноттар халыққа жақын, ондай ақшаға деген азаматтардың сенімі мықты болады. Бұл – менің жеке пікірім. Ал портреттік серияны шығару, я болмаса, шығармау мәселесі дизайнерлерге байланысты. Біз олардың ұсынған үлгілеріне қараймыз», - деп атап өтті Ғалиева.

Тағы да оқыңыздар:

Ресейде Джонни Дептен айнымайтын азамат табылды

Сегіз қырлы, бір сырлы шенеуніктер кімдер? (фото, видео)

Қуандық Бишімбаев сұлу қыздарға жанды дауыста ән шырқап берді (видео)

Жақып Асанов Қарағанды облысының прокурорларын жаппай отставкаға жіберді

Депутаттар пайдаланылмай бос жатқан жерлерді қайтарып алуды талап етті

Мұхтархан Ділдәбековтің әйелі өзін жұмыстан шығарғандармен соттасып жатыр

Серік Ибрагимов 500 адамға дүркіретіп той жасады (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1282476-tenhge-portrettik-nusqasyna-oraluy-mu.html