RU

БҚО-да мұғалім 10-сынып оқушысының жыныс мүшесінен езіп жіберді

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы Қараоба ауылында мектеп мұғалімі 10-сынып оқушысын сабап тастады.

Бұл туралы Мой город басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

10-сыныпта оқитын Еділдің әкесі Олжас Мақсотовтың айтуынша, ұлы алғашында ештеңе айтпаған. Кейін сырқаты шыдатпағасын, мектепте болған оқиғаны түгелімен ата-анасы айтып береді.

Оқиға 4 қазан күні болған. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Еділді аямай ұрып-соққан.

Облыстық денсаулық сақтау бөліміндегілер оқушының балалар ауруханасында жатқанын және оған ота жасалғанын растады.

"Оқушы бала жыныс мүшесіндегі жұмыртқаның езіліп кетуі деген диагнозбен түсті. Алғашында ол аудандық ауруханада ем алған, алайда, шабындағы аурудың беті қайтпай, қалаға келді. Дәрігерлер шешімімен 12 қазан күні ота жасалды. Бүгінде оқушының денсаулығы бақылауда", - дейді облыстық денсаулық сақтау бөлімінің баспасөз қызметі.

Аудан әкімі төбелестің нақты не себептен шыққанын түсіндіре алмады. Бүгінде алғашқы әсери дайындық пәнінің мұғалімі қызметінен кетті.

Тағы да оқыңыздар:

Дариға Назарбаева президенттің денсаулығы жайлы айтып берді

Қазақстан футболшылары Румыниямен тең ойнағаны үшін 20 мың доллардан алады

Мейрамбектің жары туған күнін қалай атап өтті? (фото)

Ресейлік тұрғын немерелерін бағудан қашып, өзін атып тастады

Мұхтархан Ділдәбековтің әйелі өзін жұмыстан шығарғандармен соттасып жатыр

Сегіз қырлы, бір сырлы шенеуніктер кімдер? (фото, видео)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1282495-aqsuda-tun-ishinde-zhoghalghan-ush-oqushy-ko.html