RU

Сапарбаевтың жақын досы оның өткен өмірінен сыр шертті (фото)

Бүгінде Ақтөбе өңірін басқарып отырған Бердібек Сапарбаев жайлы оның жақын достарының бірі Бейсенбек Құрманбеков бала Бердібектің қандай болғанын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бейсенбек Құрманбековтің айтуынша, ол облыс басшысымен «Алғабас» колхозында бірге өскен екен.

"Алғашқы ұстазымыз Қопыш Ақылбеков болды. 1968-1969 жылдары 1-май ауылында интернат болды, сонда тағы 9-10 кластарда бірге оқыдық. Бекеңмен бір бөлмеде жаттық. Оқуға зерек, үздік оқушы болды. Математикадан, химиядан алдына жан салмайтын. Химия пәнінен аты есімде жоқ, жаңадан жас апай келген еді. Формулалардың бірінен қате кетіп, оны Бекең тауып алып, түзеткені бар", - деп әңгімесін бастаған әкімнің досы Сапарбаевтың тағы бір «қайраттылығын» есіне алды.

"Интернатта бізбен бірге жетім-жетік балалар да оқыды. Соннан бірде пештен уланып қала жаздадық. Түн ортасында дәрігер Жұмаш ағай да келді. Бөлменің тең жартысындай балаларды таза ауаға, далаға арқалап шығарған Бердібектің «қайраттылығын» көпке шейін айтып жүрдік", - дейді ол.

Сапарбаевтың досының айтуынша, оларды өмір ерте кезде-ақ өз еңбегіне арқа сүйеп, алға ұмытылуды үйреткен.

"Бердібек екеуміз тары түйіп, сөк қылып Шиелінің, Қызылорданың базарына апарып сататынбыз. Киім-кешек, кітап-дәптер аламыз ақшасына, бұл да жоғары класстардағы оқиға. Бердібектің өзі әңгімелейтін Есенбек ағасы екеуі жаз бойы қауын-қарбыз өсіріп, күзде Ташкенттің атақты «Алай» және «Шайхантауыр» базарларына барып, сатып жүргендерін де көріп үйрендік. Ағасы өлшеп береді. Бекең ақшасын алатын. «Подходи народ, свой огород, половина сахар, половина мед» деп Бекең саңқылдап тұратын. Бұл оның орысшаға жетіктігі", - дейді Бейсенбек Құрманбеков.

Достығымыз ерекше деп сол бір өткен күндерді есіне алған Бейсенбек Құрманбеков екі суреті сақталып қалғанын айтып қалды.

Біріншісі оның 1971 жылы Кеңес Әскері Тобынан әскери борышын өтеп жүргенде салып жіберген суреті.

Екіншісі мектеп бітіргендеріне 30 жыл толған кездегі басқосу суреті.

Материал авторы: Балнияз Ажниязов

Тағы да оқыңыздар:

Ресейде Джонни Дептен айнымайтын азамат табылды

Сегіз қырлы, бір сырлы шенеуніктер кімдер? (фото, видео)

Қуандық Бишімбаев сұлу қыздарға жанды дауыста ән шырқап берді (видео)

Жақып Асанов Қарағанды облысының прокурорларын жаппай отставкаға жіберді

Депутаттар пайдаланылмай бос жатқан жерлерді қайтарып алуды талап етті

Мұхтархан Ділдәбековтің әйелі өзін жұмыстан шығарғандармен соттасып жатыр

Серік Ибрагимов 500 адамға дүркіретіп той жасады (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1282520-saparbaevtynh-zhaqyn-dosy-onynh-otken-om.html