RU

Ақсуда түнімен үйінде қонбаған үш оқушы компьютер клубынан табылды

Еріктілер Павлодар облысы Ақсу қаласында із-түзсіз жоғалған үш баланы түні бойы іздеп, компьютер клубынан тапты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бүгін Instagram желісінде Ақсу қаласында үш оқушының жоғалып кеткені туралы хабарлама шықты. Онда кеше сағат 16.00-де балалар аулаға шығып үйлеріне оралмағаны жайлы айтылды. Олардың арасындағы ең үлкені 13 жастағы қыз бала.

Еріктілерден мәлім болғандай қазіргі уақытта барлығы табылды. Үш жасөспірімнің түні бойы компьютерлік клубта болғаны анықталды.

"Балалар ата-анасының рұқсатынсыз компьютерлік клубта отырыпты. Ал, ол түн уақытында жабылып, таңертең ғана ашылатынын барлығымыз білеміз", -деді еріктілер.

Компьютер клубының басшысы мен кәмелеттік жасқа толмаған балаларды кіргізген адамға қандай жаза қолданылатыны туралы ІІД жіберетін ресми жауабынан жақын арада білетін боламыз.

Тағы да оқыңыздар:

Ресейде Джонни Дептен айнымайтын азамат табылды

Сегіз қырлы, бір сырлы шенеуніктер кімдер? (фото, видео)

Қуандық Бишімбаев сұлу қыздарға жанды дауыста ән шырқап берді (видео)

Жақып Асанов Қарағанды облысының прокурорларын жаппай отставкаға жіберді

Депутаттар пайдаланылмай бос жатқан жерлерді қайтарып алуды талап етті

Мұхтархан Ділдәбековтің әйелі өзін жұмыстан шығарғандармен соттасып жатыр

Серік Ибрагимов 500 адамға дүркіретіп той жасады (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1282618-aqsuda-tunimen-uyinde-qonbaghan-ush-oqu.html