RU

80-ге келген анасын шырақ жағып қарсы алған азамат көпшілікті елжіретті

Баланың анаға деген құрметін көрсететін ерекше видео желі қолданушыларының ыстық ықыласына ие болды.

Бұл туралы NUR.KZ жазады.

Instagram әлеуметтік желісіндегі Dubsmash_kaz парақшасы Семейде өткен мерейтойлардың біріндегі видеоны жария етті. Онда 80 жастағы анасын жүрек пішіндес шырақ жағып қарсы алып, тізерлер гүл ұсынған азаматты көруге болады.

Ана туралы әсем әннің ырғағында ортаға шыққан кейуананы немере-шөберелі демеп жүр.

Видео қолданушылардың жүрегін елжіретіп, барлығы ананы сыйлаудың жоғары үлгісін көрсеткен азаматқа алғыстарын жаудырды.

Тағы да оқыңыздар:

Дариға Назарбаева президенттің денсаулығы жайлы айтып берді

Қазақстан футболшылары Румыниямен тең ойнағаны үшін 20 мың доллардан алады

Мейрамбектің жары туған күнін қалай атап өтті? (фото)

Ресейлік тұрғын немерелерін бағудан қашып, өзін атып тастады

Мұхтархан Ділдәбековтің әйелі өзін жұмыстан шығарғандармен соттасып жатыр

Сегіз қырлы, бір сырлы шенеуніктер кімдер? (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1282619-80-ge-kelgen-anasyn-shyraq-shaghyp-qarsy-al.html