Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Голландия өмірден түңілген адамдарға өз еркімен өлуге рұқсат бермек

Опубликовано:

Голландия үкіметі эвтаназияны заңдастыру туралы жаңа заң жобасын әзірлеп жатыр. Құжат бойынша «енді өмір сүрудің мәні жоқ» деп шешкен кез келген адам өз еркімен өмірмен қош айтыса алады деп хабарлайды 24.kz.

Тіпті ол үшін айықпас дертке шалдыққан болу да міндетті емес. Елдің денсаулық министрі мен Әділет министрінің парламентке жолдаған хаты бойынша, егер адам өмір сүргісі келмесе, оған лайықты түрде өлуіне рұқсат етілуі тиіс. Дегенмен хатта заң жобасының әлі де толықтыруларды қажет ететіні көрсетілген.

Болжам бойынша құжатты дәрігерлер мен этика саласының мамандары бірлесе отырып 2017 жылдың соңына дейін толық әзірлейді.

Айта кетейік, 2002 жылы Нидерланд – әлемде алғаш рет эвтаназияны заңдастырған мемлекет. Алайда ол заң бойынша өз өмірін қиюға тек айықпас дертке шалдыққандарға ғана рұқсат берілген.

Тағы оқыңыздар:

Дариға Назарбаева әкесінің денсаулығы жайлы айтып берді

Сегіз қырлы, бір сырлы шенеуніктер кімдер? (фото, видео)

БҚО-да мұғалім 10-сынып оқушысының жыныс мүшесінен езіп жіберді

Сапарбаевтың жақын досы оның өткен өмірінен сыр шертті (фото)

Қостанай перзентханасында жүкті әйел көз жұмды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1282670-gollandiya-omirden-tunilgen-adamdargh/

pixel