RU

Омбылық әйел ұйқыдағы ұлын құшақтаған күйі тоғызыншы қабаттан секіріп кетті

Бейсенбіге қараған түні Омбы қаласында жеке өміріндегі қиындықтардан қажыған әйел сегіз жасар ұлымен бірге тоғызыншы қабаттан секіріп кетті, екеуі де сол жерде жантәсілім етті.

Бұл туралы Ресей Тергеу комитетінің Тергеу басқармасы хабарлады, деп жазды РИА Новости-ге сілтеме жасап ҚазАқпарат.

«Алдын ала болжам бойынша, 2016 жылы 13 қазан күні түнгі уақытта отыз жастағы жергілікті тұрғын ұйықтап жатқан сегіз жасар баласын қолына алып, тоғызыншы қабатта орналасқан пәтер терезесінен секіріп кеткен. Жерге құлаған ана мен бала сол мезетте көз жұмған», - делінген хабарламада.

Тергеу комитетінің хабарлауынша, күйеуімен ажырасып жатқан әйел ата-анасымен бірге тұрған. Секірерден бұрын жеке себептеріне байланысты бұл қадамға барғанын түсіндірген хат қалдырып кеткен.

Тағы оқыңыздар:

Дариға Назарбаева әкесінің денсаулығы жайлы айтып берді

Сегіз қырлы, бір сырлы шенеуніктер кімдер? (фото, видео)

БҚО-да мұғалім 10-сынып оқушысының жыныс мүшесінен езіп жіберді

Сапарбаевтың жақын досы оның өткен өмірінен сыр шертті (фото)

Қостанай перзентханасында жүкті әйел көз жұмды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1282730-ombylyq-ayel-uyqydaghy-ulyn-qushaqtagha.html