RU

Қызылордалық күрішшілер биыл да рекордтық өнімге қол жеткізді

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы және Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығы қарсаңында Қызылорда облысы күріш жинаудан рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.

Қазіргі күні әр гектардан 52,8 центнер күріш өнімі алынған. Бұл ретте, гектарына орташа есеппен 54 центнерге жуық күріш жиналады деп күтілуде.

Мәселен, Шиелі ауданында күріштің әр гектарынан 59,2 центнерден өнім алынды. Жекелеген шаруашылықтар 70 центнерден жоғары өнім жинауда. Мәселен, «Мағжан и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 71 центнер өнім алса, «Ақтөбе и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі гектарына 94,5 центнерден жинады.

Айта кету керек, рекордтық өнім 3,8 мың га күріш алаңын азайту, тұқым сапасы мен жердің мелиоративтік жай-күйін жақсарту есебінен алынып отыр.

Жылдан жылға күріш экспортының көлемі ұлғайып келе жатыр. Яғни жылына 50 мың тонна күріш экспортталады.

Ағымдағы жылы Иран нарығына 5 млн. тонна күріш шығару үшін Қызылорда облысында сұранысқа ие ирандық сортты тәжірибелік сынақтан өткізу жұмыстары басталды.

Оның бағасы қазақстандық күріштен 5 есе жоғары.

Бүгінде аймақ Мазандаран провинциясына күріш жеткізу үшін алдын ала келісім жасауда.

*PR құқында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1282831-qyzylordalyq-kurishshiler-biyl-da-reko.html