Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бензиннің орнын "ауамен толтырған" атақты жанармай бекеті ұятқа қалды (видео)

Опубликовано:

Автомобиль стоит на заснеженной дороге
Иллюстративное фото: pexels.com

«Гелиос» компаниясы өздеріне тиесілі жанар-жағармай құю стансасында бензиннің орнына «ауа» құйып жатқан жайтқа байланысты қызметтік тексеруді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Фейсбук пайдаланушысы Автомобилистерге жәрдемдесу (ОСА) қоғамының парақшасында «Гелиос» жанармай құю бекетінің бірінде станса жабдығы бензиннің орнына «ауаны» құйып жатқаны туралы бейне жазбаны жариялады. Ұялы телефонмен түсірілген бұл бейнеде «Гелиос» компаниясының таңбасын айқын байқауға болады. Сонымен қатар стансадағы бензин құю пистолетінен жанармай ақпай жатса да, есептегіш құрал құйылған бензиннің мөлшерін сәйкесінше төленетін ақыны көрсетіп тұрды. Мұнымен қоса, Фейсбук пайдаланушылары бұл жанармай құю стансасы Астанада орналасқанын атап өтуде.

«Мен бейне түсірілімнің авторы емеспін, оны маған әлеуметтік желі арқылы жіберді, өз кезегімде оны жұртшылықпен бөлісуді жөн көрдім. Халық осындай жағдайларды білуі тиіс», - деді «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында Эльдар Болатұлы есімді Фейсбук пайдаланушысы.

Осы оқиғаға байланысты «Гелиос» компаниясының Алматыдағы орталық кеңсесінің қызметкері Дәулет Сансызбай тексеру басталғанын айтты.

«Мен осы мәселеге байланысты жауап беруге құзыретті емеспін. Дегенмен, аталған бейнетүсірілімге байланысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр», - деді ол «ҚазАқпаратқа» берген жауабында.

Видео авторы Шынайы Бейне

Тағы оқыңыздар:

Сегіз қырлы, бір сырлы шенеуніктер кімдер? (фото, видео)

БҚО-да мұғалім 10-сынып оқушысының жыныс мүшесінен езіп жіберді

Сапарбаевтың жақын досы оның өткен өмірінен сыр шертті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1282983-benzinninh-ornyna-auany-eseptegen/

pixel