RU

Бірғаным Әйтімованың шұлығы көпшіліктің көңілін көтеріп тастады (фото)

Бұрынғы Білім және ғылым министрі, қазіргі депутат Бірғаным Әйтімова тағы да ел аузына ілікті. Бұл  жолы сенатордың стилі желі қолданушыларының көзіне бірден түскен деп хабарлайды NUR.KZ.

КТК арнасының қызметкері Владислав Воднев өзінің Instagram парақшасында сенатордың ерекше шұлығы мен аласа өкшелі сүйір тұмсық туфлиінің фотосын жария етті.

Осындай кейіппен Әйтімова парламент сенатының пленаралық отырысына келген деп хабарлайды ИА NewTimes.kz.

Сол арада қазақстандық дизайнерлер де депутаттың талғамына өз бағаларын беріп үлгерді.

"Осындай сыртқы кейпімен ол қоғамның назарын бірден өзіне аудартқысы келген шығар. Әрине, назардан тыс қалмады. Аласа өкшелі сүйір тұмсық туфли өткен шақтың гардеробынан бүгінге бұзып жарып кіргендей. Шұлық туралы дәл солай айта аламын. Егер шұлық қара немесе сарғыш түсті болғанда оған ешкімде назар аудармас еді. Тіпті туфлиі де көзге түспес еді", - дейді сәнгер Анастасия Романова.

"Сондай типтегі шұлықты мен студент кезімде кигенмін. Қазір мен ондай шұлықтарды кимеймін олар тұрпайы және оғаш көрінеді", - дейді астаналық сәнгер Романова.

Ал танымал дизайнер Асем Нұрсейітова Бірғаным Әйтімованың гардеробы жайлы мүлде басқа пікірде.

"Менің ойымша, адам не қаласа соны кие алады, әрине, егерде заңмен тыйым салынбаса. Оған қоса егер адамға сол киім ұнап тұрса, сол киімде өзін жайлы сезінсе. Мен өзім біркелкілікпен іш пыстыратын киімдерді ұнатпаймын. Сондықтан мен ол кісіні қолдаймын, бұл тіпті креативті", - дейді сәнгер.

Еске сала кетсек, осыған дейін украиналық арна түсініксіз тілде сөйлеген Бірғаным Әйтімованы әжуа қылған еді.

Тағы оқыңыздар:

Дариға Назарбаева әкесінің денсаулығы жайлы айтып берді

Сегіз қырлы, бір сырлы шенеуніктер кімдер? (фото, видео)

БҚО-да мұғалім 10-сынып оқушысының жыныс мүшесінен езіп жіберді

Сапарбаевтың жақын досы оның өткен өмірінен сыр шертті (фото)

Қостанай перзентханасында жүкті әйел көз жұмды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1283004-birghanym-aytimovanynh-shulyghy-qaznett.html