RU

Әлемде ең ұзақ билік жүргізген патшалардың бірі дүниеден озды

Таиланд королі Пхумипон Адульядет 88 жасында өмірден озды. Бұл туралы Корольдік сарайы ресми түрде жариялады деп хабарлайды 24.kz.

Ақпаратқа сәйкес, осыған дейін хал үстінде жатқан монарх сол өзі түскен ауруханада көз жұмған. Естеріңізге сала кетсек, Таиланд королі гемодиализ алғаннан кейін нашарлап, 9 қазанда ауруханаға түскен еді.

Адульядет әлемдегі ең ұзақ билік жүргізген патшалардың бірі саналады. Дәрігерлер соңғы жылдары денсаулығы сыр берген саясаткерге 2014 жылы ота жасап, өт қабын алып тастаған еді. Ал биыл жазда жүрегіне ота жасалған деп жазады reactor.inform.kz.

Пхумипон Адульядет (Рама IX атымен белгілі) 1946 жылдың 9-маусымында таққа отырған.

Таиландта король билік өкілетіне ие болмаса да, халық оны тұрақтылық символы ретінде пір тұтады. Патшаға немесе оның жақындарына тіл тигізу қылмыстық қуадалауға соқтыруы мүмкін. Мысалға, өткен жылы жергілікті тұрғын facebook желісінде патшаға сөз тигізгені үшін 30 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

 

Тағы оқыңыздар:

Ақсуда түнімен үйінде қонбаған үш оқушы компьютер клубынан табылды

Алматылық журналиске үйінің қасында белгісіз біреулер шабуыл жасады

Алматы облысының прокуратурасы сәбилер үйіндегі былықты жайып салды

Әлемде ең ұзақ билік жүргізген патшалардың бірі дүниеден озды

Дариға Назарбаева әкесінің денсаулығы жайлы айтып берді

Сегіз қырлы, бір сырлы шенеуніктер кімдер? (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1283068-alemdegi-enh-uzaq-bilik-zhurgizgen-patsh.html