RU

Сенаторлар түнге дейін жұмыс істейтін шенеуніктерге араша түсті

Сенат депутаттары прокурорлар, полицейлер мен министрлер сенаторлардың сөзіне құлақ асуды қойғанын айтып, наразы болды деп хабарлайды КТК арнасы.

Конституция бойынша, мәртебесі үлкен Жоғары палата депутаттарының өзі шенеуніктерден жауап ала алмай жүр екен. Әбден күйінген олар қарапайым халықтың жанайқайын енді түсінгендейміз деп ашынды.

"Дұрыс жауап берілмейді, бізге келген мәселе шешілмегеннен кейін депутаттар кінәлі болғандай болады. Мен жазып отырған сұраққа жауапты  дұрыс бермесе, қарапайым адамға қандай жауап береді ол?", - дейді Сенат депутаты Дулат Құсдәулетов.

Бюрократияға шырмалған мемлекеттік мекемелерде еңбек кодексі де мүлдем  еленбейді екен. Министрлер қарамағындағы қызметкерлерді түн жарымға дейін кеңседе ұстауды әдетке айналдырған. Шенеуніктерге араша түскен сенаторлар олардың сенбі, жексенбі, тіпті мереке күндері жұмысқа шығатынын айтып шырылдады. Оның үстіне таң атқаннан қас қарайғанша дейін қағаз тасып жүретін қызметкерлердің жалақылары мардымсыз.

Бұған дейін Білім министрі Ерлан Сағадиев те: «Ата-аналар күні-түні жұмыста отыратындықтан балаларын сабаққа дайындап үлгермей жатыр», - деп  шағымданған болатын. Енді бұл мәселені сенаторлар да қозғап, премьерге мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс кестесін қайта қарауды және  еңбек заңын  бұзғандарды қатал жазалауды сұрады.

Тағы оқыңыздар:

Ақсуда түнімен үйінде қонбаған үш оқушы компьютер клубынан табылды

Алматылық журналиске үйінің қасында белгісіз біреулер шабуыл жасады

Алматы облысының прокуратурасы сәбилер үйіндегі былықты жайып салды

Әлемде ең ұзақ билік жүргізген патшалардың бірі дүниеден озды

Дариға Назарбаева әкесінің денсаулығы жайлы айтып берді

Сегіз қырлы, бір сырлы шенеуніктер кімдер? (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1283132-senatorlar-tunge-deyin-zhumys-isteyti.html