RU

Бас прокурор ақша жымқырып шетел асқан экс-депутатты нағыз арамтамақ деп атады

Қылмыскер, алаяқ, арамтамақ. Еліміздің Бас прокуроры астаналық үлескерлердің ақшасын жымқырып шетел асқан экс-депутат Ерғанат Тайжановты осылай деп атады. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

«Азбука Жилья» компаниясының қашқын басшысы Жақып Асановтың ашуын тудырса керек, бас прокурор келісім-шарттың жоқтығына қарамастан Тайжановты Австриядан экстрадициялау үшін барын салып жатыр екен.

Әзірге алаяқ кәсіпкердің барлық дүние мүлкіне тыйым салынған. Экс-депутат осы уақыт ішінде үлескерлерден ұрлаған ақшасына 20-ға жуық қымбат көлік, шаруа қожалықтары, жер телімдері мен тіпті Түркиядан бес жұлдызды қонақ үйге дейін сатып алып үлгеріпті. Құны 15 миллиард теңгеге бағаланған осы қымбат мүлікті енді үкімет сатып, «Азбука жильяның» тұралап қалған құрылыстарын аяқтауды жоспарлап отыр.

Ерғанат Тайжанов Елордада 9 бірдей тұрғын үй кешенін тұрғызу үшін 4 мыңнан астам үлескерден 14 миллиард теңге жинап алып Австрияға тайып тұрған болатын. Тайжановтың сыбайластары ізідестіріліп жатқанын айтқан Бас прокурор «Азбука жильяның» басшысын қымсынбастан сөкті.

"Ол барып тұрған қылмыскер, алаяқ, арамтамақ! Үлескерлерден ұрлаған ақшаға Австрияда шалқып өмір сүрген. Бірақ, ұсталып, сол жақта бес айдан бері үй қамақта отыр. Ондай адамдар Австрия сияқты демократиялы елде өмір сүрмеуі керек. Қайтарамыз", - дейді Бас прокурор Жақып Асанов.

Тағы оқыңыздар:

Ақсуда түнімен үйінде қонбаған үш оқушы компьютер клубынан табылды

Алматылық журналиске үйінің қасында белгісіз біреулер шабуыл жасады

Алматы облысының прокуратурасы сәбилер үйіндегі былықты жайып салды

Әлемде ең ұзақ билік жүргізген патшалардың бірі дүниеден озды

Дариға Назарбаева әкесінің денсаулығы жайлы айтып берді

Сегіз қырлы, бір сырлы шенеуніктер кімдер? (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1283320-bas-prokuror-eldinh-aqshasyn-zhymqyryp-sh.html