RU

Ақтауда алты жасар қызды зорлаған жігіттің отбасы елден кетіп қалды

Ақтауда алты жасар қыз баланы зорлады деп айыпталған күдіктінің отбасы елден кетіп қалды.

Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Осыдан бір апта бұрын күдіктінің әйелі Алена Майданюк кішкентай ұлымен бірге өзі туып-өскен Украинаға кетіп қалған. Әйелдің айуынша, ол кішкентай ұлының өмірі үшін қорыққан екен.

Ал күдікті болса, алғашында 6 жасар қызды зорлағанын мойындағанымен, кейін өз сөзінен бас тартты. Бұрын ол психдиспансерде есепте тұрған. Бірақ дәрігерлер кейін оның ақыл-есі дұрыстығын анықтады.

ІІМ мәліметі бойынша, күдіктінің кінәсін сараптама дәлелдеген.

Дереккөз: КТК арнасы

Еске сала кетейік, Ақтауда педофил зорлаған 6 жасар қыздың жағдайы оңалар емес. Бүгінде қыздың ата-анасы бүлдіршінді Үндістан мамандарына көрсетпекші.

Педофил өз кінәсін мойындамай отыр. Оның бала күнінде сексуалды зорлыққа ұшырағаны белгілі болған.

Тағы да оқыңыздар:

Алматыда 100 миллионның көлігін мінетін студенттер кімдер? (фото)

Алматыға алғашқы қар түсті (фото, видео)

Бас прокурор елдің ақшасын жымқырып шетел асқан экс-депутатты нағыз қылмыскер деп атады

Алматы облысында қаза болған үш ағайынды жігіттің өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Жұлдыздар жанжалы: бірін-бірі ұнатпайтын кімдер?

Сенаторлар түнге дейін жұмыс істейтін шенеуніктерге араша түсті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1283336-aqtauda-alty-zhasar-qyzdy-zorlaghan-zhig.html