RU

Қазақ шапанын киген әйгілі боксшы Мэнни Пакьяо қуанышын жасыра алған жоқ (фото)

Бүкіл әлемге танымал филиппиндық боксшы Мэнни Пакьяоға Лас Вегаста қазақ шапанын сыйға тартып, оның қуанышында шек болмады деп хабарлайды Vesti.kz.

Шапанды қазақстандық студент Әлихан Жарылғапов тарту еткен.

"Мен Пакьяоға қазақ шапанын бұрыннан сыйлағым келіп жүрген. Оның өлшеміне сай етіп шапанды таңдап алдым да, оған ұлттық киімімізді сыйға тарттым. Ол қатты қуанды, Головкиннің шапанына бірден ұқсатты. Ал оның менеджері келесі жолы  Пакьяо жекпе-жекке осы ұлттық киімді киіп шығады деп әзілдеді", - дейді Әлихан.

Әлиханның айтуынша, ол шапанды киген соң, оны ұнатып қалған.

Ал жиналған қауым болса тіптен таңданыстарын жасыра алмаған. Мэнни есімді промоутер жігіт: "Менікі секілді өте әдемі екен", - дегенді де айтты. Серік Сапиевпен бірігіп, Әлихан былтыр оған да шапан сыйлаған екен.

Еске салсақ, жуырда боксшы наркотик саудасына қарсы күрес жүргізген Филиппин елінің президенті Родриго Дютертені қолдап шыққан болатын. Бұл күрестің нәтижесінде 3 000 адам қайтыс болғанын атап айту керек.

Тағы да оқыңыздар:

Алматыда 100 миллионның көлігін мінетін студенттер кімдер? (фото)

Алматыға алғашқы қар түсті (фото, видео)

Бас прокурор елдің ақшасын жымқырып шетел асқан экс-депутатты нағыз қылмыскер деп атады

Алматы облысында қаза болған үш ағайынды жігіттің өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Жұлдыздар жанжалы: бірін-бірі ұнатпайтын кімдер?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1283355-qazaq-shapanyn-kigen-aygili-boksshy-men.html