RU

Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңа бас хатшысы тағайындалды (фото)

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы Португалияның бұрынғы премьер-министрі Антонио Гутерришті ұйымның келесі бас хатшысы етіп бекітті. Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

БҰҰ құрамындағы 193 мемлекет 75 жастағы Гутерриштің кандидатурасын 13 қазанда бекітті. Қазіргі бас хатшы, БҰҰ-ны қатарынан екі мерзім - 10 жыл басқарған Пан Ги Мунның өкілетті мерзімі 1 қаңтарда аяқталады.

"Ол сірә, ең маңызды деген салаларда бәрінен танымал шығар, қарулы қақтығыстар мен гуманитарлық дағдарыстарда алда жүреді. Оның саяси инстинкті БҰҰ-ның миссиясына, яғни жалпыға ортақ игілік және адамзат пен әлем үшін ортақ жауапкершіліктегі ынтымақтастық миссиясына сай келеді", - деді Пан Ги Мун Гутерриш туралы.

6 қазанда Гутерриштің кандидатурасын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 15 мемлекеті бірауыздан қолдаған. Гутерриш 1995-2002 жылдары Португалия премьер-министрі, 2002-2015 жылдары БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары болған. Ол - БҰҰ-ның оныншы бас хатшысы болмақ.

Тағы да оқыңыздар:

Алматыда 100 миллионның көлігін мінетін студенттер кімдер? (фото)

Алматыға алғашқы қар түсті (фото, видео)

Бас прокурор елдің ақшасын жымқырып шетел асқан экс-депутатты нағыз қылмыскер деп атады

Алматы облысында қаза болған үш ағайынды жігіттің өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Жұлдыздар жанжалы: бірін-бірі ұнатпайтын кімдер?

Сенаторлар түнге дейін жұмыс істейтін шенеуніктерге араша түсті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1283376-buu-nynh-zhanha-bas-khatshysy-taghayyndaldy.html